00:52 13 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.63
  • EUR427.98
  • RUB6.08
Ғарышкер, архивтегі сурет

Ғарыш саласына қатысты ұсыныс төңірегінде пікірталас туындады

© Photo : Roskosmos/Oleg Artemiev
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
29 0 0

Ресей мемлекеттік думасының қорғаныс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Юрий Швыткин Столтенбергтің мәлімдемесіне пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. НАТО ғарыш кеңістігін өзінің әрекет ету аймағы ретінде жариялауды жоспарлап отыр. Sputnik радиосына сұқбат берген Ресейдің мемлекеттік думасының қорғаныс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Юрий Швыткин осы бастама туралы ойын айтты.

Айта кеткен жөн, жақында НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Солтүстік-атлантикалық альянстың ғарыш кеңістігін өзінің әрекет ету аймағы ретінде жариялауды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын. Ол жайында НАТО-ға мүше елдері қорғаныс басшыларының Брюссельдегі кездесудің алдында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Альянс басшысының айтуынша, ғарышты НАТО-ның әрекет ету аймағы ретінде жариялаудың арқасында байланыс, навигация және ерте хабардар ету саласындағы технологияларды дамытуға болады. Осы орайда ол ғарышқа шабуылдаушы қару-жарақтың шығарылмайтынын ерекше атап өтті.

РФ мемлекеттік думаның қорғаныс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Юрий Швыткин Столтенбергтің мәлімдемесіне пікір білдірді.

"Столтенбергтің мәлімдемесі түсінбестік туғызып отыр. Альянс әскери ұйым ретінде ғарышты милитаризациялауды көздеп отыр. Меніңше, ондай әрекет әлемдік қауымдастықты апатқа ұшыратады", - дейді Швыткин.

Оның ойынша, Ресей НАТО-ның тарапынан ғарышты милитаризациялауға жол бермеуі керек.

"Тура сондай жауап болуы қажет. Алайда ол ғарыштағы қару-жарақ жарысына ұласып кетпеуі тиіс", - деп атап көрсетті Швыткин.

Тақырып бойынша

Ресей елшісі: Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағының болашағы зор
Байқоңыр толық тазартылады – ғарыш айлағынан не шығарылады
Назарбаев: Қазақстан толыққанды ғарыш державасына айналатын болады
Қазақстан мен АҚШ ғарыш саласында ынтымақтасатын болды
Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылды – видео
Кілт сөздер:
ұсыныс, ғарыш
Загрузка...

Басты тақырып