Әлем

Перзентханада сегіз бірдей қызметкердің аяғы ауыр болып қалды

© Photo : Рixabay/PexelsБеременность
Беременность - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйелдер бірінен соң бірі жүкті болған. Енді олардың бәрі декреттік демалысқа бір уақытта кететін болады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Американың Нью-Лондон қаласындағы ауруханада бірден сегіз қызметкердің аяғы ауыр болды, деп хабарлайды News 8 WTNH.

"Перзентханада нәрестелерді көрген кезде өзіңнің де сәби сүйгің келеді. Бұл өте керемет",  - деді перзентхана бөлімінің қызметкері Лорен Лэри.

Ол өзінің қарамағындағы әйелдердің бірінен соң бірі жүкті болғанын айтты. Бәрі декреттік демалысқа бір уақытта кетпек.

Олардың алтауы - медбике, екеуі – акушер. Бұл небәрі 44 қызметкері бар штат үшін рекорд. Үш әйел ұл, үшеуі қыз болады деп отыр. Ал қалған екеуі әлі белгісіз.

Тағы оқыңыз: "Бәрі жылап жүр": сәби өлімінен кейін перзентхана дәрігерлері арыз жазды

Мекеме қызметкерлері қандай да бір сұрақ туындаса, дәрігерлерден көмек сұрау қиын емес екенін жеткізді. Жыл сайын бұл перзентханада екі мыңнан астам сәби дүниеге келеді екен.

Жаңалықтар
0