Әлем

Танымал әншінің супермаркеттегі қылығы жұртты таңғалдырды - видео

Жазылу
43 жастағы әнші бірнеше хит әндердің авторы. Клиптерінде түрін көрсетпейді. Сондықтан дүкендегілер бірден танымапты

НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан — Sputnik. Әлемге танылған әнші Sia супермаркетке келіп кезекте тұрған адамдардың сатып алған тауары үшін ақша төлей бастаған. Жұрт жұлдызды бірден таныған жоқ. Өйткені ол клиптеріне бетін жауып тұратын жасанды шашпен түседі.  

Сондықтан әнші АҚШ-тың Палм-Спрингс қаласындағы дүкенге келгенде ешкім танымады, деп жазады Bored Panda. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sia Music Chile 🇨🇱 (@siamusicchile)

Sia супермаркетке кіріп, лотереядан қомақты ақша ұтқанын айтқан. Кейін кезектегі адамдардың тауарлары үшін төлей бастапты. 

Алайда дүкенде әншінің жанкүйері болған екен. Ол Sia-ны танып, селфи жасаған. Жиылған жұрт танымал әншінің мұндай әрекетіне таңғалды. Бұл жағдайдан оның шығармашылығына қызығушылық артып, жанкүйерлерінің махаббаты еселенді.

Тағы оқыңыз:  "Әнші қыздардың бірі": Мақпал Жүнісова бағалы әшекейлерін кім ұрлағанын айтты

43 жастағы әнші көптеген хит авторы. Chandelier әні 2013 жылы барша әлемге танылды.

 

Жаңалықтар
0