19:38 24 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD377.86
  • EUR418.74
  • RUB6.10
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
828120

Ер адам дәлелдер болмаса да, көрші тұратын қарт әйелді өлтірді деп айыпталыпты

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Қытайда ер адам өзі істемеген қылмыс үшін он бір жыл түрмеде отырған, деп хабарлайды AsiaOne.

2008 жылы 51 жастағы Ли Цзянонг 75 жастағы көрші әйел Цао Цзюйинді өлтіргені үшін сотталды. Сол жылы оған қатысты өлім жазасына кесу туралы үкім шықты.

Полиция мәліметінше, қылмыс құрбаны 2007 жылы қайтыс болыпты. Оның денесі цемент фабрикасы аумағындағы шұңқырдан табылды. Әжейдің аузына изолента жапсырылып, басында қатты соққыдан жарақат қалған.

Тағы оқыңыз: Түрмеден қарулы топ қашып кеткені рас па - ішкі істер министрлігі жауап берді

Сол кезде полиция қарияны көршісі өлтіруі мүмкін деген шешімге келген. Бірақ тергеу айыпталушының себептерін анықтай алмаған, өлтірген зат пен қылмыс орнын да таба алмаған.

Он жыл өткен соң сотталған адамның туыстары істің қайта қаралуына қол жеткізді. Осы жолы сот оның кінәсінің дәлелдері жеткіліксіз деген қорытындыға келді. Бұдан кейін сот үкімді жоққа шығарды. 

Тақырып бойынша

Өмір бойына түрмеге қамалған қылмыскер күтпеген жерден бостандыққа шықты
"Кінәлі болсам, түрмеге қамаңдар": танымал әнші өкінішін айтты
Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтарғаннан кейін 15 жылға соттауы мүмкін – адвокат
Прокурордың Сириядан қайтарылған 14 қазаққа қандай жаза сұрағаны белгілі болды
Қытайдағы қазақтардың мәселесі: Тоқаев өз ойын айтты – видео
Кілт сөздер:
Қытай, түрме, өлім жазасы
Загрузка...

Басты тақырып