19:54 09 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
98 0 0

Ресейлік сарапшы Владимир Оленченко америкалық сенаторлардың бастамасын түсіндіріп берді

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. АҚШ сенаты мемлекеттік департаменті Ресей Федерациясын "терроризм демеушілері" тізіміне қосуды үндеді. Sputnik радиосына сұқбат берген сарапшы Владимир Оленченко америкалық сенаторлардың бастамасын түсіндірді.

АҚШ сенатының халықаралық комитеті мақұлдаған заң жобасында Ресей "терроризм демеушісі" ретінде көрсетілген. Енді, осы анықтаманы рәсімдеу туралы шешімді мемлекеттік хатшы қабылдайды.

Ол өз қолын 90 күннің ішінде қояды. Осы уақытта мемлекеттік хатшы Донбастағы әскери құрылымдар, сондай-ақ Луганск халық республикасы мен Донецк халық республикасының әскери құрылымдары "шетелдік террористік ұйымдарға" жататыны, я болмаса, жатпайтынын анықтауы тиіс.

Содан кейін конгресстің тиісті комитеттеріне қорытынды жасалады. Бүгінде АҚШ мемлекеттік департаменті жасаған "терроризм демеушілері" тізіміне Иран, Солтүстік Корея, Сирия мен Судан кіреді.

Тағы оқыңыз: Бундестагта Ангела Меркельдің "капитуляциясы" туралы мәлімдеді

Өткен аптада мемлекеттік хатшы орынбасары Дэвид Хэйл "мемлекеттік департамент Ресейді терроризм демеушісі ретінде санамайтынын" мәлімдеген болатын.

Примаков атындағы Ресей ғылымдар академиясының халықаралық қатынастар және әлемдік экономика институтының бас ғылыми қызметкері Владимир Оленченко осы мәселенің дәл қазір көтеріліп жатқаны жайдан-жай емес деп санайды.

"Шамасы, демократтар мен республикалықтар текетіресі күтпеген арнаға, мүлдем басқа формаға түскен сияқты. Ақылға сыймайтын нәрсе екен. Меніңше, Трамп пен Лавров арасындағы конструктивті әңгіме шешілмейтін мәселенің жоқ екенін көрсеткеннен кейін Трамптың қарсыластары дүрлігіп шыға келді. Оған қоса, келесі жылы АҚШ-та президент сайлауы өтеді. Сөйтіп, Ресейді терроризмді қолдайтындардың қатарына қосу идеясы туындады", - дейді Оленченко.

Тақырып бойынша

Мәскеудің экс-мэрі көз жұмды
Путин: WADA шешімі Олимпиада хартиясына қайшы келеді
"Норманд форматы" Ресей мен Украина қарым-қатынасының жақсаруына көмектесті ме?
АҚШ пен Ресей: қарым-қатынас қандай бағытта өзгеруде
Ресей Қазақстанға қанша гектар жерді қайтарады – сенат заң қабылдады
Кілт сөздер:
терроризм, Ресей, АҚШ
Загрузка...

Басты тақырып