Әлем

НАТО ірі қақтығысқа дайындалып жатыр – бас штаб

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуАвтомобиль президента США Дональда Трампа на саммите НАТО
Автомобиль президента США Дональда Трампа на саммите НАТО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас штаб басшысы Герасимовтың айтуынша, НАТО мүшелері қорғаныс шығынын жыл сайын ұлғайтып келеді екен

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан – Sputnik. НАТО-ның жиі өткізіліп жатқан оқу-жаттығулары альянстың ірі қақтығысқа дайындалып жатқанын көрсетеді, деп мәлімдеді Ресей Қарулы күштері бас штабының басшысы Валерий Герасимов, деп хабарлайды РИА Новости.

Сейсенбі күні брифингте шетелдік мемлекеттер әскери атташелерінің алдында сөз сөйлеген Герасимов Брюссельдің доктриналық құжаттарында Ресейде қарсылас статусы бекітілгенін еске салды.

Фортепиано - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Қазақ пен қытайдың достығы жайлы фильм АҚШ-та бірнеше марапат алды
Ал НАТО-ның желтоқсандағы саммиті барысында күштердің альянстың шығыс қапталына жіберу жылдамдығы біршама артқаны айтылды

Бас штаб басшысының айтуынша, 2016 жылдан бастап НАТО мүшелері қорғаныс шығынын жалпы алғанда 130 миллиард долларға ұлғайтты, ал 2024 жылға қарай бұл көрсеткішті 400 миллиард долларға арттыру көзделіп отыр.

Бұған қоса, ғарышта басымдыққа ие болу үшін саммитте ғарыш кеңістігін әскери әрекеттер жүргізудің жеке саласы ретінде тану туралы шешім қабылданды. Яғни, ол құрлық, әуе, теңіз және киберкеңістікпен бір деңгейде болады.

Жаңалықтар
0