17:47 03 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.00
  • EUR491.36
  • RUB5.69
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
АҚШ пен Иран қақтығысы (13)
313 0 0

Иран ядролық амбициясынан бас тартып, террористерді қолдауын тоқтатуы тиіс. АҚШ президенті осындай мәлімдеме жасады

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар - Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Иран америкалық әскери базаға зымыран ұшырғаннан кейін мәлімдеме жасады. Оның сөзін тікелей эфирде FoxNews телеарнасы көрсетті.

Трамп АҚШ Иранға қатысты жаңа санкциялар салатынын айтты.

"АҚШ шұғыл түрде Иранға қатысты қосымша санкциялар салады. Иран өз ұстанымын өзгерткенге дейін бұл санкциялар күшін жоймайды", - деді ол.

Сондай-ақ, АҚШ көшбасшысы НАТО-ның Таяу Шығыс елдерінің мәселесіне әлдеқайда белсенді қатысуы керек екенін атап өтті. 

"Мен бүгін НАТО-ның таяу шығыс процесіне белсенді қатысуын сұраймын, - деді Трамп америкалықтарға. - Мен президент болып тұрғанда Иранның ядролық қаруға ие болуына мүмкіндік берілмейді. Иран одан бас тартып, террористерді қолдауын тоқтатуы керек", - деді АҚШ президенті.

Тағы оқыңыз: АҚШ пен Иран қақтығысы: Тоқаев Ақордада кеңес өткізіп, тапсырма берді

Оның айтуынша, зымырандардың салдарынан америкалықтар зардап шекпеген.

"Кеше кешке болған шабуылдан америкалықтар зардап шеккен жоқ. Біздің жауынгерлеріміздің бәрі қауіпсіздікте, тек біздің базамызға аздаған зақым келді", - деді Трамп.

Ол ерте алдын алудың арқасында адам шығыны болмағанын айтты. 

"Иран халқы және билігі: біз сіздерде керемет болашақ болғанын қалаймыз. Сіздер оған лайықсыздар. АҚШ бейбітшілік іздегендердің әрқайсымен бейбіт қарым-қатынас орнатуға дайын", - деді Трамп.

Тақырып:
АҚШ пен Иран қақтығысы (13)

Тақырып бойынша

Иранда генерал Сулеймани өлімінен кейін мыңдаған адам митингке шықты - видео
Иран АҚШ-тың әскери базасына зымыранмен соққы жасады
Иранның АҚШ әскери базасына зымыран ұшырған сәтінің видеосы жарияланды
АҚШ-Иран қақтығысы: Air Astana Дубайға ұшу бағытын өзгертеді
Загрузка...

Басты тақырып