Әлем

Үйі өртеніп кеткен ер адам күтпеген жерден мол олжаға кенелді

© AP Photo / Mick Tsikas / AAP ImagesАвстралия, архивтегі фото
Австралия, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Австралия азаматы бағын сынап көруге шешім қабылдап, Қазақстанның ұлттық валютасына шаққанда, шамамен 259 миллион теңге ұтып алды  

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Австралияда үйі өртеніп кеткен ер адам лотерея ойнап, миллионер атанды, деп хабарлады Nine News ақпарат порталы.

Мол олжаға кенелген азамат Квинсленд штатының тұрғыны болып шықты. Ол өткен жылы Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы үйі өртеніп кеткенін айтты. Бұл үйде отбасымен бірге тұрған.

Осы жылдың қаңтар айында австралиялық әйелінің сүйікті сандарын пайдаланып, онлайн-лотереяда бағын сынап көруге шешім қабылдайды. Нәтижесінде ол 1 миллион Австралия долларын (шамамен 259 миллион теңге) ұтып алып, миллионер атанды.

"Таңғаларлық жағдай. Өртеніп кеткен үйіміз сақтандырылмаған болатын. Жеңіс уақытында келді. Қызыл жалынға оранған үйімізден тек жанған бірнеше ыдыс-аяқ қалды", - дейді ол.

Австралиялық ұтып алған ақшасына үй салуды жоспарлап отыр.

Австралиядағы алапат өрт

2019 жылдың қыркүйегінде басталған орман өртінен 24 адам қаза тауып, екі мыңға жуық үй жанып кетті. Шамамен 500 миллион жануар өлді. Тілсіз жау әлі ауыздықталған жоқ.

Отқа оранған Австралия: жаңбырға қуанған өрт сөндірушілердің видеосы тарады

Ғарыштан түсірілген суреттен Австралия құрлығының басым бөлігі өртке оранғанын көруге болады.

Жаңалықтар
0