Әлем

Видеоның арқасында 9 жасар бала әжесін өлімнен құтқарды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бала ваннада эпилепсия дертіне шалдыққан әжесінің суға тұншығып жатқанын көрген. Оқыс оқиға 2 қаңтар күні Уэльсте болды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Уэльсте 9 жастағы бала YouTube-тегі видеоның арқасында әжесін өлімнен құтқарды, деп хабарлады Daily Mail.

Оқиға 2 қаңтар күні болған. 9 жастағы Киан Алиффе (Kian Aliffe) 51 жастағы әжесі Анжела Джонспен бірге үйде болған. Ол жуынатын бөлмеден біртүрлі дыбыс шыққанын естіп, сонда барған. Бала ваннада эпилепсия дертіне шалдыққан әжесінің суға тұншығып жатқанын көреді.

"Көгеріп кетті": диспетчер зейнеткерді телефон арқылы өлімнен құтқарды

Алиффе адамдар бассейнге батқан қызға көмек көрсеткені жайлы YouTube-тен көрген видеосын есіне түсіреді. Ол дереу әйежесінің басын судан шығарып, ваннадағы суды ағызып жібереді.

Кейін көршілердің есігін қағады, бірақ ешкім ашпайды. Осыдан соң, 9 жастағы бала жедел жәрдем шақырып, анасына хабарласады. Анасы оқиға орнына дәрігерлермен бірге жетеді.

"Киан далада отырған. Мен үйде бірдеңе болғанын бірден түсіндім. Ол маған жедел жәрдемді күтіп отырғанын айтты. Тіпті ересектердің барлығы бірдей мұндай жағдайда қалай әрекет ету керектігін біле бермейді", - дейді Киан Алиффенің анасы.

Сонымен қатар ол ұлының батыл қадамына тәнті болғанын жеткізді.

"Ол үрейленген де жоқ. Бұл керемет. Ол интернеттен көрген видеоның арқасында қалай әрекет ету қажеттігін білген", - дейді ана.

Ал 51 жастағы әжесі Анжела Джонс ауруханаға шұғыл жеткізілген. Оның денсаулығы туралы әзірге мәлімет жоқ.

Жаңалықтар
0