21:13 07 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.87
  • EUR495.59
  • RUB5.70
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
35 0 0

ETV+ телеарнасының пікірталас бағдарламасында Sputnik Эстония төңірегінде қалыптасқан жағдай талқыланды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар — Sputnik. ETV+ эстониялық қоғамдық-құқықтық телеарнасында Sputnik Эстония агенттігіне қатысты санкцияларға арналған пікірталас бағдарламасын көрген телекөрермендер редакция төңірегінде қалыптасқан жағдайды цензура деп есептейді.

Бірінші қаңтардан бастап редакция қызметкерлері қылмыстық қудалау туралы қоқан-лоқыдан кейін Sputnik Эстония мен "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігімен еңбек қатынастарын тоқтатуға мәжбүр болды. Қалыптасқан жағдайды талқылау үшін ETV+ орыстілді телеарнасына басылым басшысы Елена Черышева, Sputnik агенттігінің бұрынғы қызметкері Александр Лукьянов, евродепутат бюро кеңесшісі Яны Тоом мен RusDelfi бұрынғы редакторы Маргарита Корнышева шақырылды.

Ал қарсы пікір білдіруші ретінде тарихи естелік институтының қызметкері, заңгер Сергей Метлев, стратегиялық коммуникация жөніндегі сарапшы Ильмар Рааг, қауіпсіздік және қорғаныс туралы ақпарат орталығының басшысы Григорий Сенькив қатысып, сөз сөйледі.

"Журналистерге қарсы бағытталған саяси және экономикалық санкциялар – цензура. Эстонияда цензураға тыйым салынған. Sputnik Эстония – "Россия сегодня" ресейлік ақпарат агенттігінің құрамына кіретін бұқаралық ақпарат құралы. Оған ешқандай санкциялар салынбаған", - деп өз ұстанымын білдірді Елена Черышева.

Ал тарихи естелік институтының қызметкері Сергей Метлев агенттік қызметкерлерін журналист деп есептемейтінін айтты. Стратегиялық коммуникацияны үйлестірген және жалған ақпараттың таралуына кедергі келтірумен айналысқан Ильмар Рааг болса, порталдың жабылуымен келіспейтінін айтты.

"Оларды бәрібір Эстонияда өте аз адам оқитын, және де, меніңше, оларға бұрынғыдай жұмыс істеуге болар еді", - деп мәлімдеді Ильмар Рааг.

Дегенмен студияда агенттіктің жабылмағаны, тек жұмысы уақытша тоқтатылғаны айтылды.

Бағдарлама барысында қос тарап пікірталасы қызу өтті. Sputnik Эстонияның қоғамда түсініспеушілік пен шиеленіс тудыратын бір жақты әрі жалған мәлімет тарататыны жайлы айтылды. Ал ресейлік бұқаралық ақпарат құралы Эстония тарапынан ешқандай ресми ақпарат берілмейтінін жеткізді.

Тағы оқыңыз: ЕҚЫҰ бас хатшысы Sputnik Эстония агенттігіне қатысты хатқа жауап береді

Пікірталас соңында тікелей эфир кезінде жүргізілген екі сауалнама мәліметтері жарияланды. Оған сәйкес, Sputnik Эстония қызметін уақытша тоқтатуды телефон арқылы хабарласқан көрермендердің 90%-і, Facebook әлеуметтік желісінде дауыс берген пайдаланушылардың 57%-і цензура деп атаған.

Тақырып бойынша

ЕҚЫҰ өкілі Sputnik Эстония қызметкерлеріне қысым жасамауға шақырды
Ресейдің ЕО-дағы тұрақты өкілі: Еуропа сырттағы сөз бостандығын ғана қадағалайды  
Ресей Sputnik төңірегіндегі жағдай бойынша Эстония билігіне үндеу жасады
Sputnik Эстония төңірегіндегі дау: редакция қызметкерлері жұмыстан шығуға мәжбүр
Sputnik Эстония дауы: Ресей қысым көрсеткендерге жауап қайтармақ
Кілт сөздер:
сөз бостандығы, Sputnik, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып