05:02 24 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD375.87
  • EUR406.24
  • RUB5.84
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
50 0 0

Зеленкийдің резонанс тудырған мәлімдемелері Польша президенті Анджей Дуданың Киевке жасаған ұсынысының әсерін басып тастады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский Польшада жүрген кезінде КСРО-ны екінші дүниежүзілік соғысқа кінәлілердің бірі деді, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған қоса, ол Аушвиц концлагерін Житомир және Львов дивизиялары азат етті дейді. Зеленкийдің резонанс тудырған мәлімдемелері Польша президенті Анджей Дуданың Киевке жасаған ұсынысының әсерін басып тастады. Сонымен, Варшава көршісінен не алғысы келеді?

Тағы оқыңыз: Симоньян Польша саясаткерлері үшін акция бастауды ұсынды

Қаралы шаралардың алғашқы күні Польша президенті Аушвицтегі шара қатысушылары "осы және басқа лагерьлерде, гетто, өлім жазасы орындарында қаза болған барлық алты миллион еврейге құрмет көрсетуде" деді. Ол бүкіл әлемге арнап сөз сөйлеп, Қызыл әскер және концлагерь құрбандары арасында болған кеңес әскери тұтқындары туралы да еске салды.

Мәселен, Эммануэль Макрон Парижде сөз сөйлеген кезінде де "тікенді сымнан асып, концлагерь аумағына өткен Қызыл әскердің батыр жауынгерлері" туралы айтты.

"Олар сол кезде миллионнан астам адам қаза болған үлкен бауырластар зиратының күлінің үстінде келе жатқанын білмеді", - деп толықтырды Франция президенті.

Бірақ Дуда мен Макронның украиналық әріптесі концлагерьде тірі қалғандардың алдында сөз сөйлеген кезінде Қызыл әскерді атамай кетті.

Ал келесі күні Польша басшысы да риторикасын өзгертті. Ол Украина президентін өзіне қаратып, Киев пен Варшаваның басқа байланыс нүктелерін еске салуды жөн санады.

"Мен президент мырзаға 1920 жылы большевик шабуылына қарсы тұрған Польша мен Украина жауынгерлерін бірге еске алуды ұсындым. Бір жағында большевиктермен Польша әскері күрескен, біз оларды кейде Пилсудск сарбаздары деп атаймыз. Ал басқа жағында Петлюра мен оның жауынгерлері болған", - деді мемлекет басшысы.

Загрузка...

Басты тақырып