16:10 29 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD381.10
  • EUR420.81
  • RUB5.65
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
Қытайдағы коронавирус (62)
645 0 0

Ауру жұқтырғандар саны 40 мыңнан асты. Сондай-ақ, 3 281 адам аурудан айығып, ауруханадан шығарылғаны хабарланды

АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Қытайда коронавирустан қаза болғандар саны 908 адамға жетті, ал ауру жұқтырғандар саны 40 мыңнан асты, деп хабарлайды Қытайдың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті.

Сондай-ақ, 3 281 адам аурудан айығып, ауруханадан шығарылды. Соңғы бір күнде 3 062 адамның вирус жұқтырғаны тіркелді, 97 адам көз жұмды. Ал аурудан айыққан 632 адам ауруханадан шығарылды.

Сондай-ақ, Гонконгта 36 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Оның біреуі көз жұмды. Макаода 10 адамнан вирус табылып, біреуі үйіне қайтарылды. Тайванда 18 адам жұқтырып, бір науқас үйіне қайтарылды.
Қазір науқастармен тығыз қарым-қатынаста болған 187 мың адам дәрігерлердің бақылауында тұр.

Қытайдағы коронавирус

2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухань қаласында белгісіз пневмонияның таралып жатқаны туралы хабарлады. Сарапшылар аурудың қоздырғышын анықтады – ол жаңа типтегі 2019-nCoV коронавирусы.

Қаңтардың соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы жаңа коронавирус індетін халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялады.

Тақырып:
Қытайдағы коронавирус (62)

Тақырып бойынша

"Бұл нақты дерек": дәрігерлер Қытайдан Нұр-Сұлтанға келген қызға диагноз қойды
"Қорқынышты": Қазақстан студенттері Уханьда не боп жатқанын айтты - видео
Нұр-Сұлтанда әйел коронавирус жұқтырдым деп күдіктеніп, емханаға келді  
Коронавирус туралы бірінші хабарлаған дәрігер қайтыс болды
Анасының құрсағында коронавирус жұқтырған алғашқы сәби дүниеге келген
Кілт сөздер:
Қытай, көз жұмды, адам
Загрузка...

Басты тақырып