15:22 29 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD381.10
  • EUR420.81
  • RUB5.65
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
71 0 0

Америка Құрама Штаттары мойындағысы келмесе де, ресейлік мұнайға тәуелді екенін мойындап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. АҚШ энергетика министрлігінің соңғы мәліметіне сай, Ресей Канададан кейін елге қара алтын әкелетін ірі импорттаушылар тізімінде екінші орынға шықты, деп хабарлайды РИА Новости.

Өз санкциялары салдарынан Венесуэладан келетін ауыр мұнайдан айырылған америкалықтар баламалы жеткізушілерді іздеді. Және де мұхиттың ар жағынан тапты. Себебі ресейлік шикізат қажетті сипаттамаларға ие. Нәтижесінде Мәскеу миллиардтаған доллар пайда көрді.

АҚШ күзде 70 жылда алғаш рет қара алтынның нетто-экспорттаушысы атанды. АҚШ энергетика министрлігі энергетикалық ақпарат басқармасының (EIA) есептеуінше, қыркүйекте ел шетелге импортқа қарағанда күніне 89 мың баррель шикі мұнай мен мұнай өнімдерін көбірек жіберді.

"Мұнай өнеркәсібі түрлі күтпеген жағдай әкелуі мүмкін – бұл тұста әңгіме мұнай бағасы, өндіріс пен сауда ағымдарын басынан аяғына аударған тақтатас революциясы жайында", - деп бұрынғы америкалық президент кіші Джордж Буштың энергетика жөніндегі кеңесшісі, Rapidan Energy консалтингтік компаниясының басшысы Боб Макнелли Bloomberg-ке түсініктеме берді.

Дегенмен ол тақтатас саласында келесі жылы күрт баяулау болатынын еске салуға ұмытып кетті. Себебі рекордтар ұңғымалардың тозуымен, инфрақұрылымға деген үлкен шығындармен және капитал жұмсалымы жетіспеушілігімен орнатылды.

Инвесторлар тақтатас компанияларының өсіп келе жатқан сұраныстарын жабуға дайын емес. Нарықтың осы саласына ақша аямай құйылғаннан кейін, он жылдан соң ғана, оның шығыны көп іс екені анықталды. Жобалардың көбі ұзақ күттірген табыс та әкелмеді. Бұл жайында толығырақ РИА Новости материалынан оқи аласыздар.

Тағы оқыңыз: Көрші елдерде отын мәселесі қалай шешіліп жатыр

Загрузка...

Басты тақырып