18:50 25 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD376.43
  • EUR407.11
  • RUB5.76
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
52 0 0

Әлемдік газ нарығындағы қазіргі жағдай бұрын-соңды болмаған. Жалпы, бүгінде отын мәселесі өзекті болып тұр

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Азияда сұйытылған табиғи газдың бағасы ешқашан осындай болған емес. Оның құны мың текше метрге шамамен 105 долларды құрады, деп хабарлайды РИА Новости.

Өз кезегінде, Еуропада биржа бағалары одан да төмен - 95 доллар деңгейінде болды.

Сұйытылған табиғи газ импорттайтын Қытайдың CNOOC компаниясы коронавирусқа байланысты форс-мажор жариялап, өзіне тиесілі отын импортынан бас тартуға тырысты. Бірақ жеткізушілер (Total мен Shell) жағдайды форс-мажор деп танымады.

Тағы оқыңыз: Көрші елдерде отын мәселесі қалай шешіліп жатыр

Иә, бұл жағдайда барлығы газға қарсы болып тұр: солтүстік жартышардың барлық өңірінде қыстың өте жылы болуы, жаңа өндірістер іске қосылғаннан кейін сұйытылған табиғи газдың көп болуы және Еуропадағы газ қоймаларының толы болуы.

Және, әрине коронавирус. Оның салдарынан Қытай Халық Республикасында экономикалық белсенділік күрт төмендеген. Бұл тек газ емес, жалпы шикізат нарығындағы жағдайға да ықпал етеді.

Тағы оқыңыз: Мұнай саласында не болып жатыр? 

Десек те, баға бойынша жағдай нарық қатысушыларында үрей тудырмауы мүмкін емес. Біз сұйытылған газдың төмен бағалары салдарынан көптеген компания табиғи газ өндірісіне кететін өз толық шығынын жаба алмайтынын бірнеше рет талқылаған болатынбыз. Бұл жайында толығырақ РИА Новости материалынан оқи аласыздар.

Загрузка...

Басты тақырып