15:53 29 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD381.10
  • EUR420.81
  • RUB5.65
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
90 0 0

НАТО-ға көп ұзамай тағы бір Балқан түбегіндегі мемлекет қосылады – Солтүстік Македония парламенті альянсқа қосылу туралы құжатты ратификациялады

НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан — Sputnik. Қазіргі уақытта әскери альянстың құрамында 29 ел бар. Еуропаның оңтүстік-шығысындағы мемлекет Солтүстік Антлатика шарты ұйымын күшейте ала ма - РИА Новости материалынан оқи аласыз.

The Military Balance 2019 ақпараттық бюллетенінің деректері бойынша Солтүстік Македонияда сегіз мың әскери қызметші бар. Армия 1992 жылы Югославия тарағаннан кейін құрылған. Ол кезде әскер әлсіз еді, бірақ үкімет бірден НАТО-ға қосылу бойынша бағдарды ұстанды. 1999 жылы бұл мемлекет ұйымға мүше болу жоспарына қосылып, қарулы күштерді реформалауды бастады.

Македондықтар көптеген әскери операцияларда АҚШ пен НАТО-ға жақтас болды. 2002 жылдың тамызынан республиканың 240-тан астам әскери қызметкері Ауғанстандағы соғысқа халықаралық колация күштері қатарында қатысты. 2003 жылдың маусымынан 2008 жылдың желтоқсанына дейін азғантай контингент америкалықтарға Иракта көмектесті. Ал 2006 жылы қарулы күштерді реформалауда бетбұрыс жасалды - Македония кәсіби келісімшарт негізіндегі армияға көшті.

The Military Balance 2019 мәліметінше, өткен жылы Солтүстік Македония әскери салаға 108 миллион доллардан астам қаражат жұмсады. Дегенмен, әскери техника базасының жағдайы көңіл көншітпейді. Әуе қорғанысы техникасы мен танкке қарсы алыс қашықтықтағы жүйелер жеткіліксіз. Сарапшылардың айтуынша, Македония қажетті әскери техниканы өзі шығара алмайды, ал шетелден сатып алуға қаржы тапшы.

Америкалықтар Скопьенің НАТО-ға қосылу ынтасын толыққанды қолдайды, яғни, бұл мәселе тек уақыт еншісінде. АҚШ-тың Солтүстік Атлантика одағындағы тұрақты өкілі Кэй Бейли Хатчисон Солтүстік Македония әскери альянсқа жазға қарай қосылатынын мәлімдеді.

Тағы оқыңыз: АҚШ мемлекеттік хатшысы Назарбаевқа Трамптың сәлемін жеткізді

Қараша айында ресейлік сыртқы істер министрлігінің төртінші Еуропа департаментінің директоры Юрий Пилипсон бұл шешімге қарсы екенін айтты. Ол НАТО-ны кеңейту Еуропадағы тұрақтылық пен сенімді әлсіретіп, текетіресті күшейтіп жатыр деген пікір білдірді. Дипломаттың сөзінше, Ресейге қарсы саясатқа жаңа мемлекеттерді тарту және одақтың әскери жоспары контингенттің қауіпсіздігіне оң ықпал етпейді.

Әскери сарапшылар америкалықтарға македониялық сарбаздар мен танкілер емес, шығыс бағытта әрекет ету үшін осы елдің аумағы керек деп есептейді.

Загрузка...

Басты тақырып