05:41 01 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD411.54
  • EUR458.13
  • RUB5.84
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
5094 0 0

София Мизен есінен танып қалған анасының смартфонын алып,  Facebook-тегі мессенджер арқылы әжесіне видео қоңырау шалған   

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Англияның Пул қаласында екі жасар қыз зеректігі мен ширақтығының арқасында анасын ажалдан құтқарды. Бұл туралы Daily Mirror жазды.

София Мизен 28 жастағы анасы Самантаның ұстамасы ұстап қалған кезде дереу көмекке келген. Қыз Самантаның смартфонын алып, анасының саусағын сенсорлық экранға қойып, блокты ашқан. Содан кейін Facebook-тегі мессенджер арқылы әжесі Дебби Бейкерге видео қоңырау шалған. Ол ас үйдің еденінде жатқан анасын көрсетеді. 

Оқи отырыңыз: Англияда 8 жасар бала анафилаксиялық шок алған анасын құтқарып қалды 

Бейкер жедел жәрдем шақырған. София төрт жасар ағасы Итанмен бірге дәрігерлерді күтеді, олар Самантаны ауруханаға жеткізген. Британиялық әйел ішек инфекциясынан зардап шеккені белгілі болды. Ол емделіп, сауығып кетті.

"Мен Итаннан көмек күтуші едім, өйткені оған төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін айтатынмын. София ағасына үйреткенімнің бәрін есіне түсіреді деп ойламадым", - дейді Саманта.

Тақырып бойынша

Ер адам пойыздың алдына құлап түскен баланы денесімен жапты – видео
Қазақстанға қыдырып келген бала өлім аузынан қалды
Сегіз жасар бала әпкесі мен өзін қылмыскерден құтқарып қалды - видео
Мектеп мұғалімі алты жасар қызды құтқарып қалу үшін өз өмірін қиды
Жанкешті ана баласын құтқару үшін жүк көлігінің астына ұмтылды – қорқынышты видео
Мас жігіт терезеден тастап жіберген 3 айлық баланы куәгер қағып алды  
Алты жасар бала қайтыс болған анасының жанында бес күн өткізген
Кілт сөздер:
видео, ажал, фейсбук
Загрузка...

Басты тақырып