Әлем

Миына ота жасалып жатқанда скрипка тартқан науқастың видеосы тарады

© Fotolia/ GreseiСкрипка. Архивное фото
Скрипка. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Скрипкашы Дагмар Тернерге 2013 жылы мида ісік бар деген диагноз қойылған. Ота 2019 жылдың 31 қаңтарында жасалды

АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Музыкант әйел операция кезінде скрипка тартып жатқан. Миға жасалған ашық операцияның видеосы The Guardian сайтының YouTube арнасында жарияланды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Лондондағы Корольдік колледж ауруханасында 53 жастағы музыканттың миына операция жасалды. Науқас операция кезінде скрипка тартып жатты.

"Медициналық топ 53 жастағы науқастан ота кезінде аспапта ойнауын сұраған. Сол арқылы қолдың қимылы мен координациясын басқаратын ми бөліктеріне зақым келмеуін бақылауды ойлаған", - делінген сипаттамада.

Оқи отырыңыз: Алматыда баланың бауырынан 160-қа жуық құрт шықты 

Скрипкашы Дагмар Тернерге 2013 жылы мида ісік бар деген диагноз қойылған. Операция 2019 жылдың 31 қаңтарында жасалды. Нәтижесінде дәрігерлер мидағы ісікті алып тастады.

Жаңалықтар
0