Әлем

Түрмеде 23 жыл жазықсыз отырған ер адамға қомақты ақша берілді

© AP Photo / Julie JacobsonСотрудник следственного изолятора самой большой в мире исправительной колонии Райкерс
Сотрудник следственного изолятора самой большой в мире исправительной колонии Райкерс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ламонт Макинтайр сотталған кезде 17 жаста болған. Ол адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып өмір бойына бас бостандығынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз — Sputnik. Жасамаған қылмысы үшін 23 жылын түрмеде өткізген Американың Канзас штатының тұрғыны Ламонт Макинтайрға 1,5 миллион доллар (570 млн теңгеге жуық) берілді, деп хабарлайды Unilad басылымы.

Ламонтқа 1994 жылы екі адам өлтірді деген кінә тағылып, сотталған. Түрмеде 8 583 күнін өткізген ер адам 2017 жылы бостандыққа шықты. Ол кезде Ламонт 41 жасқа келген. Өмірінің жартысын темір тордың ар жағында өткізді.

2019 жылы Ламонт Канзас штатына қарсы арыз жазып, мемлекеттен моральдық және материалдық шығынды өтеуді талап еткен. Бір жарым миллион доллардан бөлек, ер адамға кінәсі жоқ екенін дәлелдейтін сертификат, 2020-2021 жылдардағы мемлекеттік медициналық қызметке тегін жүгіну мүмкіндігі берілді. Мұнымен қоса, ол университетте тегін білім ала алады.

"Канзас штаты менің 23 жылымды алып қойды. Жастық шағымды алып қойды. Әр туған күнім мен отбасымен бірге өткізетін мерекелерден айырылдым. Жақындарыма көмек керек болған кезде жанында болмадым. Анам әкесінен, менің сүйікті атамнан айырылған кезде жұбата алмадым", - деді ер адам.

Тағы оқыңыз: Терезе сүртіп, еден жуады: "сыра королінің" түрмедегі өмірі қандай?

Ол түрмеден шыққан соң "Кінәсіздік айнасы" деп аталатын коммерциялық емес ұйым ашты. Заңсыз сотталып кеткендерге көмектеседі.

Жаңалықтар
0