Әлем

Кореяда "коронавирус жұқтырған" қазақстандықпен байланыс орнатылды - министрлік

© REUTERS / HEO RANЛюди в защитных масках торговом центре в Сеуле, Корея
Люди в защитных масках торговом центре в Сеуле, Корея - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отандасымыз барлық медициналық процедуралардан өтуге және жергілікті билікпен жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматының коронавирус жұқтырғанын жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, кеше, 3 наурыз күні Оңтүстік Кореяның әлеуметтік желілерінде, соның ішінде орыс тілді топтарда осы елде заңсыз жүрген қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат тараған. Тіпті, ол клиникадан қашып кетті деген ақпарат болған. 

"Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі тиісті іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде бұл ақпарат расталмады. Жергілікті полициямен және біздің азаматпен байланыс орнатылған. Ол бұған дейін клиникаға бармағанын және коронавирустың бар-жоғын анықтайтын қандай да бір сынама тапсырмағанын жеткізді ", - деді Смадияров арнайы баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан азаматы коронавирусқа шалдыққан адам барған қоғамдық тамақтану орнында болған. Осыған байланысты оған және сол орында болған барлық адамдарға аурудың сыртқы белгілері анықталған жағдайда тест тапсыру қажет. Министрліктің ресми өкілі қазақстандықтың Оңтүстік Кореяда заңсыз жүргенін растады.

"Отандасымыз барлық медициналық процедуралардан өтуге және жергілікті билікпен жұмыс істеуге дайын. Ауруды бақылау және алдын алу жөніндегі корей орталығының ұсынысы бойынша біздің отандасымыз телефон арқылы күнделікті денсаулығына бақылау жүргізіп, үй карантинінде болуы қажет. Бұл ұсыныс аурудың сыртқы белгілерінің жоқтығына негізделген ", - деді Смадияров.

Тағы оқыңыз: "Бұл нақты дерек": дәрігерлер Қытайдан Нұр-Сұлтанға келген қызға диагноз қойды

Айта кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Кореяның әлеуметтік желілеріне сүйеніп, сол елде жүрген қазақстандықтың коронавирусты жұқтырғаны туралы ақпарат таратқан болатын. Кейбір деректерге сәйкес, оның жуырда Кунпхо қаласынан Ансонға көшкені айтылған. Қазір жергілікті полиция ер адамды іздестіріп жатқаны да хабарланған еді. Әлеуметтік желіде, әсіресе, орыс тілді топтарда оның аты-жөні мен суреті таралып жатыр.

Жаңалықтар
0