02:38 26 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.13
  • EUR451.40
  • RUB5.80
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
7726 0 0

Ғалымдар арнайы зерттеу жүргізіп, вирустың таралуына ғимараттағы, үйдегі және бөлмедегі микроклимат әсер ететінін анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Халықаралық топтың мамандары коронавирустың таралуын тежейтін ауа ылғалдылығының деңгейін анықтады. Зерттеу жұмысының қорытындысы Annual Review of Virology журналында және Йель университетінің сайтында жарияланды, деп хабарлады Naked Science. 

Ғылыми жұмыстың авторлары пандемиямен күрес жолында карантин шаралары мен арақашықтықты сақтау аздық ететінін айтып отыр. Аурудың таралуына ғимараттағы, үйдегі және бөлмедегі микроклимат, атап айтқанда, ауаның ылғалдылығы да әсер етеді. 

"Біз өмірдің 99 процентін үй-жайда өткіземіз, бірі-бірімізге жақын жүреміз. Осы орайда бұған дейін маңызды бір мәселе жайында айтылған жоқ. Үйдегі және даладағы температура мен ауа ылғалдылығының ара қатынасы вирустың таралуына қалай әсер етеді? Міне, біз осы мәселені зерттеп шықтық", - дейді зерттеудің бас авторы, иммунобиолог Акико Ивасаки.

Ғалымдардың айтуынша, қыста вирустар үш есе қаупті болады. Себебі сырттан келетін суық ауаның ылғалдылығы төмен, ал бөлменің іші жылынғаннан кейін ауаның ылғалдылығы 20 процентке түседі. Ондайда вирустар тез тарайды. Бұдан бөлек, құрғақ ауа тұрса, адамның иммунитеті патогендік бактерияларды дер кезінде тоқтата алмайды.

Зерттеушілер тышқандарға тәжірибе жасап, инфекцияның таралуын байқап көрді. Сонда ауа ылғалдылығы төмен жерде вирус тез тараған. Ал ылғалдылық 40-60 процентке көтерілгенде тышқандардың инфекцияны бір-біріне жұқтыру көрсеткіші күрт төмендеді.

Оқи отырыңыз: Коронавирусты кімдер өте сирек жұқтыратыны белгілі болды

Бірақ ауа ылғалдылығы тым жоғары болса, респираторлық вирус қайтадан тез тарап, заттардың үстінде ұзақ уақыт сақталған. Осыған байланысты ғалымдар барлық дезинфекциялық шараларды сақтай отырып, үйдегі ауа ылғалдылығын 50 проценттің деңгейінде ұстап тұруға кеңес беріп отыр.

Тақырып бойынша

Қазақстандық дәрігер кімдердің коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екенін айтты
Ғалымдар коронавирустың белгілері неше күнде байқалатынын анықтады
Дәрігер Алматыда COVID-19-ды кімдер жиі жұқтыратынын айтты
"Жылай бастаймын": Елордалық дәрігер ауруханада не болып жатқанын айтып берді
Ғалымдар жылы қыстың салдары туралы айтып берді
Ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина қашан дайын болатынын айтты
Коронавирус елдің ішінде тарай бастады – бас санитар дәрігер
Кілт сөздер:
коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып