12:35 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (856)
1706 0 0

Жергілікті сот ер адам әлемдегі қиын кезеңге байланысты ауыр қылмыс жасады деп шешті. Енді ол жарты жылын түрмеде өткізеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір - Sputnik. Англияның астанасында мас ер адам полицейге жөтелген. Ер адам жарты жылға түрмеге қамалды, деп хабарлайды Metro.

55 жастағы Адам Льюис мас күйінде Лондонды кезіп жүрген. Ер адамды полиция қызметкері тоқтатқан. Сол кезде ол коронавирус жұқтырғандай полицейге жөтеле бастаған. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді. 

Келесі күні жергілікті сот Льюисті әлемдегі қиын кезеңге байланысты ауыр қылмыс жасады деп шешті. Енді ол жарты жылын түрмеде өткізеді. 

Ер адам мас болғандықтан, ол сәтті мүлдем білмейтінін айтты. Кейін оның 2019 жылдың қыркүйегі мен 2020 жылдың наурыз айы аралығында ұрлық және қарақшылық үшін түрмеде отырғаны белгілі болды.

Тағы оқыңыз: Жақсылық Досқалиев коронавирустан қалай қорғануға болатынын айтты

Қазіргі уақытқа дейін әлемде 1 015 403 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. 210 мыңнан астамы жазылды. 53 030 адам көз жұмды. 

Қазақстанда бұл індетке 444 адам шалдықты. Үш адам қайтыс болды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (856)

Тақырып бойынша

"Кредитті артығымен төлейміз": Kaspi Bank халықтың наразылығына жауап берді 
"Халық уайымдамасын": министрлік жұрт жиі қоятын сұраққа жауап берді   
Шымкенттік науқастың отбасындағы 8 адам коронавирус жұқтырды
Балкондағы концерт: астаналықтар бір мезетте әнұранды қалай орындады - видео
Түркістан облысында тіркелген алты науқастың қай ауданнан екені айтылды
Загрузка...

Басты тақырып