17:44 25 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.46
  • EUR451.35
  • RUB5.77
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (848)
11004 0 0

COVID-19 коронавирусын емдеу әдістері мен диагностикасына 60 миллион долларға жуық қаражат жұмсалады

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір - Sputnik. Танымал эстрада әншісі Мадонна жаңа коронавирустық инфекцияның емін іздеу мақсатында құрылған Bill & Melinda Gates Foundation қайырымдылық қорына 1 миллион доллар берді, деп хабарлайды Sputnik Радиосы.

"Бұл ақша қордың тікелей өзіне емес, Gates Philanthropy Partners серіктестері басқаратын COVID-19 қорына түседі", – деді ұйым өкілдері.  

Ал әнші өзінің веб-сайтында COVID-19 індетін алдын-алуға және оны емдеуге арналған дәрі-дәрмек табуға әрекеттенген Bill & Melinda Gates Foundation қорын барынша қолдайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол дәрігерлер мен ғалымдарға және алғаш көмек көрсететін мамандарға зор ризашылық білдірді.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы вакцинаның сынақтан өтіп жатқаны белгілі болды

Айта кетейік, бұған дейін Microsoft корпорациясының негізін қалаушы, миллиардер Bill & Melinda Gates Foundation қайырымдылық қоры COVID-19  коронавирусының таралуына қарсы күреске 100 миллион долларға дейін қаражат бөлетіні белгілі болған. Қор өкілдерінің айтуынша, COVID-19 коронавирусын емдеу әдістері мен диагностикасына және жаңа вакцина түрін дайындауға әрі тестілеуді жылдамдатуға 60 миллион долларға жуық қаражат жұмсалады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, әлемде вирус жұқтырған адамдардың саны миллионнан асады, ал оның 50 мыңнан астамы құрбан болған.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (848)

Тақырып бойынша

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан өткізіліп жатыр
Ресейде коронавирусқа қарсы үш дәрі жасалды
Ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина қашан дайын болатынын айтты
Кілт сөздер:
әлем, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып