Әлем

Аты-жөнін ұмытты: жетісайлық қыз Кореяда қиын жағдайға тап болды

© REUTERS / ERIC GAILLARDДевушка в защитной маске
Девушка в защитной маске - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыздың төлқұжаты өзімен бірге болған. Құжатта 22 жастағы Гүлмира Сафидина есімді Қазақстан азаматы екені жазылған

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. Оңтүстік Кореяда қазақстандық Инчхон әуежайындағы орыстілді адамдардан көмек сұрады.

Facebook қолданушысы Елена Просянникова қыз өзінің аты-жөнін және Оңтүстік Кореяға не үшін барғанын білмейтінін айтып, жазба жариялады.

"Ол есін жоғалтқан, өзі туралы еш нәрсе айта алмайды. Атын, қайдан және не үшін келгенін білмейді", − деп жазды Просянникова.

Қыздың қолында төлқұжаты бар. Құжатта 22 жастағы Гүлмира Сафидина есімді Қазақстан азаматы екені жазылған.

Жазбаны оқыған желі қолданушылары қыз Түркістан облысындағы Жетісай қаласының тұрғыны екенін жазып жатыр. Анасы мектепте мұғалім болып жұмыс істейді.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл оқиға бақылауға алынғанын айтты.

Жаңалықтар
0