Экономика

Жазға қарай мұнай бағасы 60 долларға жетуі мүмкін – экономист

© Sputnik / Алексей Свердлов / Медиабанкке өтуНефть
Нефть - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ОПЕК + ұйымы өндірісті 9,7 миллион баррельге, содан кейін 8 және 6 миллионға төмендету жөнінде келісімге келді

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. ОПЕК + келісімінен кейін мұнай бағасына болжам жасаған Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының оқытушысы, экономист Владислав Гинько жазға қарай қара алтын құны 60 долларға жуықтайды деп мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Келісімге әлі де түзету енгізілуі мүмкін. Қазір мұнай өндіру көлемін азайту қажет болғанымен, бірнеше айдан кейін барлық ойыншылар өз қалауынша өндіретін жағдайға тап болуы мүмкін", – деді экономист.

Ол мұнай баррелі шамамен 60 долларға оралатынын жоққа шығармайды.

Оқи отырыңыз: Мұнай дағдарысынан қандай нәтиже күтуге болады

Айта кетейік, ОПЕК + келісімінде мұнай өндірісін 2018 жылдың қазан айындағы деңгейден төмендету мақұлданды. Яғни, өндіру көлемі мамыр-маусым айларында 23%-ке, 2020 жылдың соңына дейін 18%-ке және 2022 жылдың сәуір айының соңына дейін 14%-ке қысқартылатын болды.

Осылайша, ОПЕК + ұйымы бірінші кезеңде өндірісті 9,7 миллион баррельге, содан кейін 8 және 6 миллионға төмендету жөнінде келісімге келді.

Жаңалықтар
0