08:09 10 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD410.70
  • EUR465.28
  • RUB5.80
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1132)
4856 0 0

Ғалымдар зерттеу нәтижесі вируспен тікелей жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің ауру жұқтырып алмауына көмектеседі деген үмітте

АЛМАТЫ, 17 сәуір –Sputnik. Прованс университетінде жұмыс істейтін бір топ француз ғалымы коронавирустың 92 градуста 15 минуттың ішінде толық жойылатынын анықтады.

Мамандардың зерттеуінің қорытындысы bioRxiv ресурсында жарық көрді, деп хабарлайды РИА Новости.

Эксперимент барысында зерттеушілер коронавирусты 60 градуста бір сағат бойы қыздырады, алайда соған қарамастан вирустың кейбір штаммдары әлі де көбейе алатыны анықталған. Ал бір сағат бойы 60 градуста вирусты қыздырып жою тәсілі науқастардың анализін зерттейтін зертхананың көпшілігінде қолданылып жүр.

Оқи отырыңыз: Ғалым коронавирустан кейін не болатынын болжады

Зерттеу кезінде ғалымдар температураны 92 градусқа дейін жеткізеді. Сөйтіп, 15 минут ішінде вирус жойылады.

Осы жұмыстың қорытындысы бойынша мамандар вирусты жоюдың әдеттегі стандарты оның жүктемесі төмен болған жағдайда ғана жеткілікті деген тұжырым жасап отыр. Ал вирус жүктемесі жоғары үлгілерді жоюға 60 градус аз болуы мүмкін.

Ғалымдар зерттеу нәтижесі вирус үлгілерімен тікелей жұмыс істейтін медицина қызметкерлері ауру жұқтырып алмауы үшін ең қолайлы тәсіл таңдауға мүмкіндік береді деген үмітте.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1132)

Тақырып бойынша

Коронавирус жұқтырмағаныңды қалай білуге болады?
Үйдегі ауаның ылғалдылығы вирустың таралуына қалай әсер ететіні анықталды
Коронавирус тамақ арқылы қалай жұғуы мүмкін - маман жауабы
Ғалымдар коронавирустың белгілері неше күнде байқалатынын анықтады
Кілт сөздер:
коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып