Әлем

Ресей мен АҚШ жаңа ресейлік қаруды қашан талқылайды

© Photo : Press service of the Ministry of Defence of the Russian FederationПуск баллистической ракеты «Синева» с борта РПКСН «Верхотурье»
Пуск баллистической ракеты «Синева» с борта РПКСН «Верхотурье» - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Егер қолданыстағы келісім күшінде қалса, онда бұл жүйе осы келісім аясында енгізіледі деп айтуға негіз болады

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Ресей мен АҚШ арасында ресейлік гипердыбыстық қарудың жаңа жүйелері жөнінде америкалық ұқсас жобаларды жан-жақты талқыламайынша ешқандай диалог болуы мүмкін емес деп мәлімдеді Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Сонымен қатар, жаһандық зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін құру, ғарыш кеңістігіне қару-жарақ орналастыру мен басқа да бағдарламалар стратегиялық саланы тұрақсыздандырады және ол Мәскеудің алаңдаушылығын тудырады. Осылай деген Рябков 2019 жылы стратегиялық шабуылдау қару-жарағын қысқарту туралы келісім аясында америкалық тарап "Авангард" жоспарлау блогы мен ұшу аппараттарының көрсетілімін өткізгенін еске салды.

Оқи отырыңыз: АҚШ СНВ-3 келісімін ұзарту үшін Ресейге жаңа шарт қойды

"Егер қолданыстағы стратегиялық шабуылдау қару-жарағын қысқарту туралы келісім "алғашқы онжылдық кезең аяқталғаннан кейін бірнеше жыл бойы күшінде қалса, онда бұл жүйе осы келісім аясында енгізіледі деп айтуға негіз болады", – деп қосты ол.

"Жақында ғана америкалықтар "экзотикалық" деп атаған біздің бірқатар жаңа жүйелеріміз туралы айтқымыз келмейді. Бірақ мен бұл жүйелерді вакуумда талқыламайтынымызға ерекше назар аударғым келеді. Өйткені олар жай ғана емес, басқа жағдайларға қарамастан талқыланатын тақырып", – деді сыртқы істер министрінің орынбасары.

Ол АҚШ-тың мазмұнды және жан-жақты әңгіме жүргізуге келісімін диалог үшін қажетті әрі қатал шарт деп атап өтті.

"Осы әңгіме аясында біз тек өзіміздің ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету міндетін басшылыққа аламыз. Бұл қару-жарақты бақылау саласында жұмыс істеуге деген көзқарасымыздың альфа мен омегасы болып табылады", – деді дипломат.

Оқи отырыңыз: Әскери сарапшы АҚШ-тағы зымыран сынағы жайлы пікір білдірді

СНВ-3 (стратегиялық шабуылдау қару-жарағын қысқарту туралы келісім) Ресей мен АҚШ арасындағы қаруды шектеу туралы жалғыз келісім болып табылады. Ол екі тараптың ядролық арсеналын жеті жылдан соң және одан кейін де жалпы жиынтығы 700 континентаралық баллистикалық зымыранды, суасты қайықтары мен ауыр бомбалаушы ұшақтардағы баллистикалық зымырандарды, сондай-ақ 1 550 әскери оқтұмсық пен 800 орналастырылған және орналастырылмаған қондырғылар сынды қару-жарақ түрлерін азайтуды қамтамасыз етеді.

Жаңалықтар
0