Әлем

12 мамырдан бастап Ресей коронавирусқа байланысты шектеулерді  жеңілдете бастайды

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуПрезидент РФ В. Путин провел совещание с главами регионов по борьбе с распространением коронавируса в РФ
Президент РФ В. Путин провел совещание с главами регионов по борьбе с распространением коронавируса в РФ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей Федерациясында шектеулерден кезең-кезеңмен шығу үшін әр өңірдегі жағдайға сәйкес жеке жоспар жасалады  

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Мамыр мерекелерінен кейін Ресей Федерациясында коронавирус індетіне байланысты шектеулер біртіндеп алына бастайды. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин РФ субъектілерінің басшыларымен бейне конференция форматында өткен кездесуде мәлімдеді.

Жұмыс істелмейтін күндер 11 мамырға дейін созылады

"Мамыр мерекелері жақындап қалды, олардың арасында жұмыс күндері де бар: 6, 7 және 8 мамыр. Әдеттегі жағдайда бұл уақытта көп адам жұмыс істемейтінін, демалыс немесе еңбек демалысын алатынын білеміз. Ал қазір тәуекелге баруға болмайды. Сондықтан, жалақыны сақтай отырып, осы үш күнді демалыс деп жариялау дұрыс деп санаймын", - деді РФ басшысы.  

Осылайша, алдағы айдың барлық мерекесін ескерсек, жұмыссыз күндер 11 мамырға дейін созылады.

Өңірлер жеке шешім қабылдайды

Федерация субъектілерінің басшылары қосымша өкілеттіктерін сақтап қалады.

"Жақын күндері барлығыңыздан жұмыс орнында болуды өтінемін. Құрметті әріптестер, тағы да қайталап айтамын, аумақтардағы қауіптің деңгейін және нақты жағдайға сәйкес мұқият әрекет ету керек", - деді Путин.  

Сонымен бірге, президент қызбалықпен шешім қабылдауға болмайтынын баса айтты.

"Кейбір аймақтарда ақталған нәрсе басқа аймақта, керісінше, көп зиян тигізуі мүмкін", - деп ескертті ол.

Оқи отырыңыз: Ресей COVID-19 жұқтырғандар бойынша Қытайды басып озды 

Путин сонымен қатар аймақтардағы жағдай әр түрлі екенін айтты. Біреулер індетпен ертерек бетпе-бет келсе, бір жерлерде қауіп кейінірек пайда болды. Шектеу режиміне кіру кезінде профилактикалық шаралар жиынтығы да әртүрлі болды, сондықтан бұл процестердің күрделілігі мен көп өлшемділігін ескеру қажет.

"Бүкіл ел болып таралу шыңын еңсерген кезде, кейбір аймақтарда жағдай күрделі болып қала беруі мүмкін. Қатер дереу жойылып кетпейді. Сондықтан шектеулерді бір уақытта алып тастау мүмкін емес", - деді президент.

Ресейдегі коронавирус

Мәскеу жедел штабының мәліметі бойынша, Ресейде соңғы тәулікте 6 411 адам коронавирус жұқтырған.

Олардың 40,7% -інде аурудың клиникалық белгілері байқалмаған.

Ең көбі – Мәскеуде, коронавирустың 3075 жаңа жағдайы тіркелді. Жалпы, ел астанасында бүгінгі күнге дейін 48 426 адам індетке шалдыққан.

Ресейде бір тәулікте 72 адам қайтыс болып, 1 110 адам толық сауығып кетті.

Ресейдің 85 аймағында барлығы 93 558 адам коронавирус жұқтырды. Эпидемия таралған уақыттан бері 867 адам көз жұмып, 8 456-сы жазылды.    

Жаңалықтар
0