20:14 04 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
2531 0 0

Оқиға орнында эвакуациялық шаралар жүргізіліп, төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша іс-қимылдар ұйымдастырылды

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылды. Тасқыннан зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев келіп жағдаймен танысты, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Су қоймасы 1 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 5.55-те жарылған. Төтенше жағдайлар министрлігінің көмегімен жергілікті тұрғындардың басым көпшілігі қауіпсіз жерге көшірілген.

"Ағын су Сардоба ауданындағы Қорғантөбе ауылының біршама бөлігін басып қалған. Зардап шеккендер жоқ, мамандар келтірілген шығын көлемін есептеуге кірісті", – делінген төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Ресми дерек бойынша 11,5 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Су негізінен егіс алқаптарына зиян келтірген. Оқиға орнында эвакуациялық шаралар жүргізіліп, төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша іс-қимылдар ұйымдастырылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның қай облыстарын су басуы мүмкін

Облыстағы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жеке құрамынан 430 адам және 5 техника, Жызақ облысының ТЖД жеке құрамынан 120 адам мен 6 автотехника және басқа да салалық кәсіпорындар мен әскери құрылымдардан 300-ден астам адам қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылды.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы ақпарат жоқ.

Тақырып бойынша

Қазақстан мен Қытай бірлесіп Қорғас өзенінде бөгет салады
Қостанай облысында су тасқыны басталды
Қазақстанның бірнеше облысына су басу қаупі төнді
Атбасарда су тасқыны салдарын жоюға бөлінген қаржыны шенеуніктер қымқырған
Кілт сөздер:
тасқын су, Өзбекстан
Загрузка...

Басты тақырып