09:39 05 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.51
  • EUR447.33
  • RUB5.78
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (881)
565 0 0

Сәуірдің соңында Уханьда COVID-19 табылған соңғы науқас жазылып, ауруханадан шығарылды. Біраз уақыт өткен соң қалада инфекция жұқтыру дерегі қайта тіркелді

АЛМАТЫ, 11 мамыр – Sputnik. Коронавирустың жаңа түрінің алғашқы ошағы болған Қытайдың Ухань қаласында тағы да инфекция жұқтырғандар анықталды.

Ұзақ үзілістен кейін Уханьда COVID-19 бес адамнан табылды, деп хабарлайды РИА Новости.

Бес пациентте бастапқыда вирус белгілері болмаған. Артынша дәрігерлердің коронавирус болуы мүмкін деген күдігі расталды, деп хабарлады Хубэй провинциясының денсаулық сақтау мәселелері комитеті.

4 сәуірден кейін Уханьда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар табылған жоқ. 18 сәуірде қала қауіптілігі төмен аймақ ретінде танылды, ал 26 сәуірде қалалық ауруханадан коронавирус инфекциясы анықталған соңғы науқас шығарылды. Кейінірек Қытайдың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті Уханьда инфекция жұқтырған адамдардың тіркелгенін, сондай-ақ, ауру симптомдары жоқ 16 адамның инфекция жұқтырғанын хабарлады. 

Қазір Хубэй провинциясында симптомсыз вирусты тасымалдаушы 615 адам дәрігерлер бақылауына алынды.

Оқи отырыңыз: Коронавирусты ең алғаш кім жұқтырғаны белгілі болды 

Қытай билігі симптомы жоқ вирус тасымалдаушыларын инфекция жұқтырғандар қатарына қосып отырған жоқ. Олардан алынған нуклеин вирусты қышқылы бар тестің нәтижесі оң болғанымен, коронавирустың симптомдары жоқ. Оларды жалпы статистикаға ауру симптомдары пайда болған жағдайда ғана қосады.

Хубэй провинциясында инфекция жұқтырған 68 134 адам тіркелді (50 339 – Уханьда), 63 616 адам сауығып шықты (46 464 –Ухань қаласында), 4 512 адам (3 869 – Уханьда) қайтыс болды.

Қытайдың Ухань қаласы 2019 жылдың соңында коронавирус COVID-19 жаңа түрінің таралу көзіне айналды. 2020 жылдың наурызына қарай коронавирус әлемнің барлық еліне тарады.

Бүгінгі күні әлемде 4 миллионнан астам адам инфекция жұқтырды, оның 1,4 миллионнан астамы сауығып шықты, 280 мың адам қайтыс болды.

Бүгін Қытайдың Шулан қаласы қатаң карантинге жабылды. Онда бір-бірімен қарым-қатынаста болған 11 инфекция жұқтырған адам анықталды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (881)

Тақырып бойынша

Ресей COVID-19 жұқтырғандар бойынша Қытайды басып озды
Коронавирусқа қарсы вакцинаның сынақтан өтіп жатқаны белгілі болды
Қытайда коронавирус жұқтырғандардың 90 процентке жуығы сауығып шықты
Кілт сөздер:
коронавирус, Қытай
Загрузка...

Басты тақырып