Әлем

БҰҰ Бас хатшысы санкцияларды жою туралы үндеуге қолдау білдірді

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өтуГенеральный секретарь ООН Антониу Гутерреш
Генеральный секретарь ООН Антониу Гутерреш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Антониу Гутерреш БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді, оның ішінде Ресейді де денсаулық сақтау саласындағы қазіргідей орасан зор дағдарыспен күресте бірігуге шақырады

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Ресей мемлекеттік думасының халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Леонид Слуцкийдің ЕО, АҚШ және парламенттік ұйымдардағы саясаткерлерге жолдаған коронавирус пандемиясы жағдайында біржақты санкцияларды жою қажеттілігі туралы үндеуін қолдады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

"Жаһандық сын-қатердің кейбір аспектілерімен күресу үшін халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі туралы сіздің көзқарасыңызды толықтай қолдаймын. Мен БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді денсаулық сақтау саласындағы қазіргідей орасан зор дағдарыспен күресу үшін бір-біріне қолдау көрсетуге шақырамын. Мұны 2020 жылдың наурыз айында іске қосылған гуманитарлық әрекет ету жөніндегі жаһандық жоспарды қаржыландыру арқылы да жасауға болады", – делінген Гутеррештің хатында.

Сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысы өзінің 26 наурыздағы "Үлкен жиырмалық" көшбасшыларына жолдаған үндеуінде оларды санкция салмауға шақырғанын еске салды. Өйткені бұл мемлекеттердің пандемияға қарсы тиімді әрекет ету қабілетін төмендетуі мүмкін. 

"Мен 27 наурызда ұйымға мүше елдермен болған брифингте бұл ұсынысымды тағы да қайталадым. Алдағы уақытта бұл мәселелерді жария түрде және жеке тәртіпте шешуге белсенді қатысуға ниеттімін", – деп атап өтті Гутерреш.

Оқи отырыңыз: Коронавирус салдары қандай болады - мамандар болжам жасады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтері бойынша, әлемде коронавирус инфекциясын 4 миллионнан астам адам жұқтырды, 283 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0