Әлем

Тірідей көмілген ер адам таңғажайып жағдайда аман қалды

© Pixabay/Simon Wijers Руки человека обнимают ствол дерева, иллюстративное фото
Руки человека обнимают ствол дерева, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаскөйлер ер адамды ұрып-соғып, аяқ-қолын байлап жерге көміп кеткен. Ол байланған аяқ-қолын босатып, өзі жер бетіне шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Үндістанның Гондал қаласының тұрғыны таңғажайып жағдайда ажалдан аман қалды. Қылмыскерлер ер адамды жерге тірідей көміп кеткен, деп хабарлайды жергілікті полиция дерегіне сүйенген The Times of India басылымы.

Капил Маракананың бұрынғы жұмыс берушісі оны шығын келтірді деп айыптайды. Ол өзінің серіктестерін азғырып, Маракананы жазалауды тапсырады. Олар ер адамды ұрлап, қала сыртына шығарып, ұрып-соғады. Онымен қоймай аяқ-қолы байланған адамды тірідей жерге көміп кетеді.

Маракананың айтуынша, қаскөйлер көміп кеткен жер құмды болғандықтан оған аман қалу бақыты бұйырған. Ол байланған аяқ-қолын босатып, өзі жер бетіне шығыпты.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында теміржолшылар ағашқа шығып аман қалды

Осылайша, ажалдан аман қалған жәбірленуші тәртіп сақшыларына барып, болған оқиғаны бастан-аяқ баяндайды. Қазіргі кезде қылмыскерлер ұсталған.

Жаңалықтар
0