Әлем

НАТО ауқымды әскери жаттығуларды не үшін бастады?

© Sputnik / Оксана Джадан / Медиабанкке өтуВоенные учения НАТО в Латвии
Военные учения НАТО в Латвии - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мыңдаған әскери, жүздеген танк пен ұшақ – бұның барлығы "Defender Europe 2020" әскери жаттығуына қатысты. АҚШ Еуропадағы одақтастарына қолдау көрсетуге дайын екенін дәлелдеуі тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. НАТО-ның соңғы 25 жылдағы ең ауқымды әскери жаттығулары көктемде өтуі тиіс болған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты оны маусымға ауыстырған болатын. АҚШ Германия арқылы Еуропаға 20 мың әскериді жіберуді жоспарлаған. Жалпы, Пентагон әскери жаттығуларға шамамен 37 мың сарбаз бен офицерді аттандырады деген болжам болды. Дегенмен, жоспарды өзгертуге тура келді.

Флаги стран-участниц НАТО - Sputnik Қазақстан
Әлем
НАТО-ның әскери шығыны қандай
Жақында америкалық сарбаздар мінген және әскери техника тиелген арнайы ұшақтар Польшаға қонды. Дәл сол жерде Дравский полигонында алты мың сарбаз Еуропадағы АҚШ әскерін шұғыл жайғастыру шараларын өткізеді. Оған жүзден астам танк пен екі жүздей брондалған машина тартылды. Бұдан бөлек, артиллерия, әуе қорғаныс жүйелері, ұшақтар мен тікұшақтар бар. Барлығы екі мыңдай әскери техника жиналды. Осылайша, Польша мен АҚШ әскері бірлескен жауынгерлік операцияларды өткізуді жоспарлап отыр. Негізгі тактика – әуе-шабуылдаушы және танк әскерлерінің су тосқауылдарынан жылдам өтуі. Одан кейін контршабуыл жасау қажет.

Әскери сарапшы Артем Куреевтің айтуынша, "Defender Europe 2020" әскери жаттығуларының негізгі мақсаты – АҚШ-тың әскери техникасына үйрету. Бұдан бөлек, НАТО екі өзеннен жылдам өтуге жаттығу жасамақшы.

 "Әскери дайындық жағынан олар чех, поляк пен литвалық әскерилерге америкалық техниканы пайдаланудан мастер-класс өткізуді көздейді. Ал саяси тұрғыда НАТО басқыншылық болған жағдайда альянс территориясынан қарсыласты қуып шығаратынын, сондай-ақ, Неман мен Даугава өзендерінен жылдам өте алатынын көрсеткісі келіп отыр", - дейді Куреев.

Ал Балтық теңізінде "Baltops 2020" әскери жаттығулары басталып кетті. Оған 18 мемлекет қатысып жатыр. Үш жүз жауынгерлік кеме мен ұшақ тартылды. Осылайша, екі ауқымды жаттығу қатар өтуде. Осы аймақта кез келген мемлекет әскери жаттығу өткізе алады. Дегенмен, АҚШ пен НАТО ондай шараларды Ресей шекарасына жақын ұйымдастыруға тырысады.

Ресейдің қорғаныс министрлігі де, сыртқы істер министрлігі де әскерилерді шекарадан шалғай жерге алып кетуге үндейді, тым болмаса, Жеңістің 75 жылдығын тойлау шаралары аяқталғанша жағдайды ушықтырмауды сұрайды. Алайда нәтиже жоқ. НАТО керісінше, әскери жаттығуларды жиі өткізетін болған. Онымен қоймай, барлау ұшақтары Ресейге жақын жерде, әсіресе, Балтық және Қара теңізге ұшып жүреді. Жақында АҚШ флоты Баренц теңізіне де басып кірген.

Бүгінде шекараға жақын жерде ірі әскери оқу-жаттығуларды өткізбеу туралы ұсыныс бар. Ұшақтар мен кемелердің қашықтығына да шектеу қою қажет. Алайда НАТО ондай ұсыныстарға мән бермей келеді.

Архивное фото воинской части - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда әскери қызметке өзгеріс енгізіледі
Дегенмен, Baltops 2020 пен Defender Europe 2020 ауқымы жағынан қырғи-қабақ соғысы кезіндегі оқу-жаттығуларға тең келмейді. Ол кезде Варшава келісімі мен Солтүстік Атлантикалық одақ жүз мыңнан астам әскериді шығарған. Ал 1967 жылғы "Днепр" оқу-жаттығуларына бір жарым миллионнан астам сарбаз қатысқан. 1982 жылы "Қалқан-82" жаттығулары ұйымдастырылды. Сол кезде КСРО әскері НАТО-ға ядролық соққы жасау шараларына жаттығу жасаған болатын.

Бүгінде осындай жаттығуларды өткізгенде НАТО халықаралық келісімдерді жиі бұзады. Атап айтқанда, 2011 жылы рәсімделген Вена құжатының 8-бабында ауқымды әскери оқу-жаттығулар бойынша алдын ала ескерту сияқты бірқатар шектеу бар. Бірақ НАТО ондай шектеулерге басқаша қарайды. Сөйтіп, халықаралық талаптарды елемей отырады. Ресей болса, барлық әскери оқу-жаттығу туралы алдын ала хабарлайды және шекарадан алып жерде өткізеді.

 

Жаңалықтар
0