Әлем

Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев ауруханаға түсті

© REUTERS / Vladimir PirogovБывший президент Кыргызстана Алмазбек Атамбаев и его сторонники на встрече с журналистами в селе Кой-Таш под Бишкеком, архивное фото
Бывший президент Кыргызстана Алмазбек Атамбаев и его сторонники на встрече с журналистами в селе Кой-Таш под Бишкеком, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атамбаевтың коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже көрсетті. Ол 29 маусымда жағдайының нашар екенін айтқан соң ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылданған

АЛМАТЫ, 30 маусым – Sputnik. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтан ауруханадан тыс екі жақты пневмония анықталды. Ол емделу үшін стационарға ауыстырылды. Бұл жайында Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

"Атамбаев 29 маусымда өзін нашар сезініп, коронавирусқа тест тапсырды. Тест теріс нәтиже көрсетті", - деп хабарлады мемлекеттік комитет.

Сол күні дәрігерлер онлайн консилиум өткізіп "ауруханадан тыс екі жақты пневмония" диагнозын қойды. Артынша бұрынғы президентті стационарға емдеуге ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Ұлттық қауіпсіздік қызметі тергеу изоляторында байланыс орнатпай, шыны қоршаулар арқылы кездесулер мен қабылдаулар өткізу ұсынылғанын еске салды.

Ведомство кейінгі аптада Атамбаевтың бірнеше рет адвокатымен, туған-туысымен кездесіп, олардан қағаз және өзге де заттарды алып қалғанын айтты.

Комитет ұсынған деректерге сүйенсек, адвокат Замир Жоошевтан вирустық инфекцияның белгілері анықталған, ол Иссық-Ата ауруханасында жатқан жақын туысымен байланыста болған. Қазір ауру белгілеріне қатысты ем қабылдап жатыр.

Ал тергеу изоляторы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, барлық қызметкері тексеруден өтті, ведомство ешкімнен коронавирус табылмағанын хабарлады.

Айта кетейік, бұрынғы президент өткен аптада 11 жыл екі айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік марапаттарынан айырылды. Атамбаев қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысы бар деп айыпталған болатын. Сонымен қатар Қой-Таш ауылындағы атысқа байланысты үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Азиз Батукаевты заңсыз босату

Батукаев 2006 жылы 16 жыл және 8 айға бас бостандығынан айырылған болатын. 2013 жылы 9 сәуірде "ауыр дертіне" байланысты шартты түрде мерзімінен бұрын босап, Қырғызстаннан кетті. Сыртқы істер министрлігің ақпаратына сәйкес, қазір Батукаев қару сақтағаны үшін Шешенстанда жазасын өтеп жатыр.

Осы іске байланысты бірқатар шенеунік қамалды.

Ал ішкі істер министрлігі Батукаевтың жалған диагноз қою арқылы Атамбаевтың тікелей нұсқауымен босатылғанын мәлімдеді. Атамбаев қылмыс әлемінің серкесін босатуды ұйымдастыруды сол кездегі ішкі істер министріне тапсырған.

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі Алмазбек Атамбаевты куәгер ретінде үш рет жауап алуға шақырды. Бірақ ол бірде біреуіне бармаған. Осыдан кейін күш құрылымдары экс-президентті күшпен әкелуге бел буды.

Атамбаевты ұстау операциясы

2019 жылдың 7 тамызында кешке Атамбаевтың Кой-Таш ауылындағы үйіне шабуыл жасалды. Ауыл Бішкек қаласынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Атамбаевты ұстау операциясын елдің мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы жүргізген. Олар бұрынғы президенттің үйінің ауласына баса-көктеп кіріп, резеңке оқпен ата бастаған.

Күш құрылымдарының әрекетіне жауап ретінде Атамбаевтың жақтастары үйге кіріп, арнайы жасақ сарбаздарын кепілге алған. Жергілікті тұрғындар мен Атамбаевтың жақтастары арнайы жасақ сарбаздарына тас лақтырып, жағдай ушыға түсті. Артынша атыс басталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы жасақ сарбаздарының тек резеңке оқ қолданғанын мәлімдеді. Ал Атамбаевтың үйінен атыс қаруынан оқ жаудырылғандықтан, мыңға жуық милиция қызметкері экс-президенттің үйіне жақындай алмаған. Оларға Атамбаевтың жақтастары тосқауыл болған.

Осылайша Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы сәтсіз аяқталды.

Оқи отырыңыз: Қырғызстанның бұрынғы президенті Атамбаев сотталды

Шабуыл салдарынан бір сарбаз көз жұмды, елуден астам адам зардап шекті. Сондай-ақ ішкі істер министрлігінің Шу облысындағы басқармасының бастығы Самат Құрманқұлов ауыр жарақат алды.

Атамбаев тек келесі күні, 8 тамыздағы шабуыл кезінде ұсталды.

Жаңалықтар
0