Әлем

Өзбекстанда үш апталық қатаң карантин енгізіледі

© Sputnik / Ирина СемибратоваМечеть Минор в Ташкенте
Мечеть Минор в Ташкенте - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елді мекендер мен аймақтар арасындағы көлік қозғалысының барлық түрі шектеліп, карантин 1 тамызға дейін жалғасады

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Өзбекстанда 10 шілде мен 1 тамыз аралығында қатаң карантин енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Республика бойынша көлік құралдарының елді мекендер мен ауыл аймақтар арасындағы қозғалысы шектеледі.

Кез-келген қоғамдық және ойын-сауық шаралары мен үйлену тойларын, туған күндерді және басқа да мерекелерді ұйымдастыруға тыйым салынады. 65 жастан асқан қарт адамдардың қоғамдық орындарда жүруіне болмайды.

Серуендеу алаңдары, азық-түлік емес базарлар мен дүкендер, спорт залдар, тамақтану орындарының жұмысы тоқтатылып, жағажайлар жабылады.

Шет елдердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты халықаралық рейстер де азаяды.

"Мұндай шаралар Өзбекстанда коронавирустың тез таралуы мен өлім-жітімнің өсуіне байланысты қабылданып отыр",– деп мәлімдеді арнайы комиссияның баспасөз қызметі.

Worldometers веб-сайтының хабарлауынша, Өзбекстанда эпидемия басталғаннан бері 11 мыңнан астам COVID-19 инфекциясын жұқтырды. 7000-нан астам науқас жазылып, 45 адам қайтыс болды.

Ал Қазақстанда 5-19 шілде аралығында қатаң карантин енгізілді. Бірақ жағдайға қарай карантин мерзімі ұзартылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Карантин кезінде отшашу жасау заңды ма – ішкі істер министрлігі жауап берді

Жаңалықтар
0