Әлем

Ресейлік ғалымдар коронавирусты бейтараптандыратын антиденелер шығарды

© AFP 2024 / MOHAMMED HUWAISСотрудник лаборатории исследует образцы анализов на коронавирус
Сотрудник лаборатории исследует образцы анализов на коронавирус  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғалымдар антиденелер коронавирус инфекциясынан қорғаныш иммунитетінің ерекшеліктерін зерттеуге және вакциналарды жетілдіруге мүмкіндік беретінін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Ресей ғылым академиясы Сібір филиалының молекулалық және жасушалық биология институтының ғалымдары Ресейде алғаш рет SARS-CoV-2 коронавирусын бейтараптандыратын антиденелер шығарды. Бұл туралы "РИА Новости" агенттігіне Ресей ғылым академиясы төрағасының перспективалық жобалар бойынша кеңесшісі Ольга Дорохова мәлімдеді.

"Мұны анықтау үшін COVID-19 дертімен ауырған адамнан алынған қан үлгісі мен В-лимфоциттерін дербес сұрыптаудың бірегей технологиясы қолданылған", – деді ол.

Оның айтуынша, алынған антиденелер вирус пен ACE2 мембраналық ақуызының өзара әрекеттесуіне тосқауыл қоя алады және сәйкесінше оның адам жасушаларына енуіне жол бермейді. Бұл бағыттағы жалғасатын зерттеулер нақты терапияға және коронавирус індетінің алдын алуға арналған препараттарды жасауға көмектеседі.

"Сонымен қатар, алынған материалдар бізге коронавирус инфекциясынан қорғаныш иммунитетінің ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді және вакциналарды жетілдіруде сұранысқа ие болады",– дейді Дорохова.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирусты кімдер жұқтырмайтынын айтты

Айта кетейік, Ресей ғылым академиясының Сібір филиалының молекулалық және жасушалық биология институтының иммундық-генетикалық зертханасы биология ғылымдарының докторы Александр Тараниннің жетекшілігімен аурулардың молекулалық диагностикасы мен терапиясын құрумен, адам ақуыздарының функционалдық анализімен, сондай-ақ иммундық жүйенің молекулалық эволюциясын қалпына келтірумен айналысады.

Жаңалықтар
0