Әлем

Төрт ай бұрын жерленген ер адам жұрттың зәресін ұшырды

© Sputnik / Табылды КадырбековРука человека
Рука человека - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дененің ДНҚ тесті алынды. Алайда отбасы тест қорытындысын күтпей, жерлеу рәсімін наурыз айының соңында өткізу керек деп шешкен

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде — Sputnik. Мысырда осыдан төрт ай бұрын жерленген ер адам зиратта тірі табылды. 

Мохаммед Эль-Гаммаль осы жылдың қаңтар айында жоғалып кеткен. Отбасы қанша іздегенімен, таба алмапты. Туыстары ер адамның психикалық сырқаты болғанын және үйден жиі кетіп қалатынын айтқан, деп хабарлайды Youm 7.

© Photo : Youm7.comТөрт ай бұрын жерленген ер адам жұрттың зәресін ұшырды
Төрт ай бұрын жерленген ер адам жұрттың зәресін ұшырды - Sputnik Қазақстан
Төрт ай бұрын жерленген ер адам жұрттың зәресін ұшырды

Біраз уақыттан соң отбасына жергілікті аурухана қызметкері хабарласып, клиникаға ер адамның мүрдесі жеткізілгенін айтқан. Туыстары оны таныды. Дененің ДНҚ тесті алынды. Алайда олар тест қорытындысын күтпей, жерлеу рәсімін наурыз айының соңында өткізу керек деп шешкен.

Төрт айдан соң тұрғындар зиратта жүрген ер адамды байқап қалған. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, жоғалып кеткен Эль-Гаммаль екені анықталды.

Ер адамның 4 ай бойы қайда болғаны белгісіз.

Жаңалықтар
0