Әлем

Чилиде зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға рұқсат етілді

© Sputnik / Серикжан КовланбаевПродуктовая тележка
Продуктовая тележка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл қызметті бұрын жұмыс істемеген немесе зейнетақы жүйесіне жарна аудармаған адамдар пайдалана алмайды

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Чили президенті Себастьян Пиньера коронавирус салдарынан туындаған экономикалық қиындықты еңсеру үшін азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды, деп хабарлайды РИА Новости.    

"Президент Себастьян Пиньера жұма күні жеке шоттардан ақша алуға мүмкіндік беретін конституциялық түзетулерге қол қойды", -деп жазылған үкімет хабарламасында.

Азаматтар өз зейнетақы жинағының 10% -не дейін ала алады. Заңды ел парламенті мақұлдады.

Бұл шара шамамен 11 миллион адамға қолжетімді, бірақ бұрын ешқашан жұмыс істемеген немесе зейнетақы жүйесіне жарна аудармаған адамдар, ескі зейнетақы жүйесі бойынша зейнетке шыққандар, қарулы күштер және полиция қызметкерлері бұл қызметті пайдалана алмайды.

Оқи отырыңыз: БЖЗҚ зейнетақы жинағының 10%-ін пайдалану ұсынысына қатысты мәлімдеме жасады 

Жаңалықтар
0