23:39 09 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1369)
2109710

Профессордың пікірінше, әлемде аурулар таралуын болдырмау үшін "Бір денсаулық" қағидасын сақтау қажет

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Оңтүстік Кореяда Билл Гейтс қорының демеуімен вирусты бастапқы кезеңде анықтап, жоя алатын жүйені дамыту қолға алынды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Онлайн режимде өткен конференцияға Корея, АҚШ, Ұлыбритания және Германия ғалымдары қатысты. Корея университетінің профессоры Ким Ву Джу жұқпалы ауруларды ертерек анықтауға мүмкіндік беретін жүйені жасау үшін жұмыс істеп жатқанын айтты. Ол пандемия тағы 2 жыл жалғасады деп болжайды.

"Себебі, адамдар коронавирусты алдын алудың негізгі ережелерін сақтамайды.Ал егер "Бір денсаулық" қағидасы сақталса, вирусты болмайды", – дейді Ким Ву Джу.

Сонымен қатар, профессор адамдардың джунгли мен орманды жойып, жабайы жануарларды жеп, жаңа ауруларды тудырғанын атап өтті.

"SARS вирусы Қытайдың оңтүстігінде жабайы мысықтарды тұтынған кезде пайда болды. Батыс Африкада жарқанат ұсталған кезде Эбола вирусы анықталды. Қазіргі коронавирус Уханьдағы жабайы табиғат базарындағы жарқанаттан басталды. Адамзат жабайы жануарларды пайдалану арқылы "Пандора жәшігін" ашты", – дейді Джу.

Оқи отырыңыз: Дәрігер Қазақстанда вирус жұқтырғандар неліктен көбейіп жатқанын айтты

Оның пікірінше, аурулар таралуын болдырмау үшін "Бір денсаулық" қағидасын сақтау қажет. Яғни, адамзат, табиғат пен жануарлар бірге үйлесімді өмір сүру керек деген сөз.  

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1369)

Тақырып бойынша

Вирус жұқтырған кейбір адамдар неге ауруханаға жатқызылмайды - министр жауабы
Қазақстан өңірлері вирус жұқтыру өсімі бойынша үш топқа бөлінді
Қазақстанда вирус жұқтырғандарды емдеуге "Гидроксихлорохин" қолданылмайды
Судан қауіпті вирус табылды: алматылықтарға көлде шомылуға тыйым салынды
Қытайда тағы бір жаңа вирус шықты
Кілт сөздер:
жаһандық індет, індет, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып