Әлем

Коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасы қанша тұратыны айтылды

© REUTERS / STRINGERШприц с вакциной против коронавируса
Шприц с вакциной против коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Moderna компаниясы жасап шыққан коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасы алдағы уақытта төмендеуі мүмкін деп болжануда

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Америкалық Moderna биотехнологиялық компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасын 50-60 доллар шамасында белгілеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы РИА Новости Financial Times басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Moderna компаниясы вакцинаның мұндай бағасын АҚШ пен "табысы жоғары" елдер үшін белгілейтінін атап өткен.

Сондай-ақ, басылым алдағы уақытта бұл бағаның төмендеуі мүмкін деп жазады. Өйткені, өткен аптада Pfizer және BioNTech компаниясы өздері жасап жатқан вакцинаны 19,5 доллардан 600 миллионға жуық дозасын сатуға АҚШ билігімен келісім жасады.

Бұған дейін америкалық Moderna компаниясы COVID-19 вакцинасын клиникалық зерттеудің үшінші кезеңін бастағанын хабарлаған. Вакцинаны дамыту жобасын АҚШ федералды үкіметі 500 миллион долларға жуық қаражатпен қолдады және ол адамдарға кең ауқымда сынақтан өткізілетін алғашқы препараттың бірі ретінде таңдалды.

Сонымен қатар, жуырда ғана Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдар COVID-19 вакцинасын 2021 жылдың бастапқы айларында ала бастайды деп мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі

Ал 21 шілдеде Ресей қорғаныс министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинаның клиникалық сынақтары аяқталғанын жария етті. Сондай-ақ, Сеченов университетіндегі дәрі-дәрмектерді клиникалық зерттеу орталығының жетекшісі Елена Смолярчук те осындай мәлімдеме жасаған. Ол университетте вакцинаны сынақтан өткізген кезде еріктілердің бәрінде коронавирусқа қарсы иммунитет дамығанын айтты.

Жаңалықтар
0