11:49 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1390)
7977 0 0

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы COVID-19 вирусы әлі де адамзатқа үлкен қауіп төндіріп тұрғанын айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері коронавирус эпидемиясы әлі де ұзаққа созылады, ал адамзат оның салдарын ондаған жылдар бойы тартады деп есептейді.

Өткен жұмада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының төрағалығымен төтенше жағдай жөніндегі комитеттің төртінші отырысы өтті.

Комитет өкілдерінің сөзіне сенсек, пандемия әлі де ұзаққа созылады. Сондықтан жергілікті, ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейде эпидемияға қарсы іс-шараларды жалғастыру қажет.

Ұйым басшысы Тедрос Аданом Гебреисус коронавирус әлі де адамзатқа үлкен қауіп төндіріп тұрғанын атап өтті.

"Пандемия – денсаулық сақтау саласындағы ірі және бұрын-соңды болмаған дағдарыс, оның салдарын ондаған жылдар бойы тартатын боламыз. Ауыр күндер артта қалды деп ойлаған көптеген елде ауру қайта өршіп жатыр. Пандемияның алғашқы апталары жеңіл-желпі өткен мемлекеттерде қазіргі күні науқастар саны мен өлімі күрт өсуде", - деді ұйым жетекшісі.

Соңғы деректер бойынша әлемде коронавирус инфекциясынан 675 мыңнан астам адам көз жұмды. Барлығы 17 миллионнан астам адам вирус жұқтырған.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1390)
Кілт сөздер:
коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып