14:35 28 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.41
  • RUB5.50
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1541)
1123 0 0

Балаларға коронавирусқа қарсы вакцина ересектерге сынап көру процесі толық аяқталғаннан кейін салынады

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Гамалеи ұлттық ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург коронавирусқа қарсы вакцинаны балаларға сынау ересектерге арналған сынақтар циклі толық аяқталғаннан кейін ғана басталатынын айтты. Болжам бойынша, балаларға вакцинаны қолдану туралы шешім 2021 жылға дейін қабылданбайды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Вакцина балаларға да жарайды деп үміттенемін, бірақ Ресей заңнамасына сәйкес, балаларға жаңа препаратты ересектерге арналған сынақтардың толық циклы аяқталған кезде ғана ұсынуға болады. Сондықтан сынақтың үшінші кезеңі аяқталғаннан кейін он сегіз жасқа толмаған балаларға зерттеу жасауға рұқсат етіледі", – деді Гамалеи ұлттық ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург.

Ал Сеченов университетінің трансляциялық медицина және биотехнология институтының директоры Вадим Тарасов әдетте вакцинаны балаларға қолданар алдында жыныс мүшелері жетілмеген жануарларға клиникаға дейінгі сынақтар жүргізілетінін айтты. Содан кейін ғана препаратты балаларға қолдану туралы шешім қабылданады.

"Вакцинаны балаларда қолдану туралы айтуға әлі ерте. Себебі, олар ауруды жұқтыратын қауіпті топқа жатпайды, олар ауруды жеңіл өткізеді", – деді Тарасов.

Оқи отырыңыз: Қазақстандағы екпе салу туралы шындық - денсаулық министрі жазба жариялады

Бұған дейін Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Гамалеи орталығы әзірлеген коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның клиникалық сынақтары аяқталғанын, қазір оны тіркеу үшін құжаттар дайындалып жатқанын мәлімдеді.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1541)

Тақырып бойынша

Баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-ана жауапқа тартыла ма – министр жауабы
Тұмауға қарсы екпе жөнінде не білу керек
"Үкімет күшіне сенбей ме?": Бекболат Тілеухан екпе туралы заңға қарсы шықты
Балаларға екпе салу қашан басталады?
Балаларға профилактикалық екпе салынып жатыр – денсаулық сақтау министрлігі
Кілт сөздер:
денсаулық, балалар, екпе
Загрузка...

Басты тақырып