Әлем

Путин Беларусь еліне көмектесу үшін резерв құрылғанын айтты

© Российская газета/POOL / Медиабанкке өтуПрезидент РФ Владимир Путин и президент Белоруссии Александр Лукашенко (слева) во время встречи, архивное фото
Президент РФ Владимир Путин и президент Белоруссии Александр Лукашенко (слева) во время встречи, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей президенті саяси ұранды жамылған экстремистік әрекеттер белгілі бір шектен шықпаса, резерв пайдаланылмайтынын мәлімдеді

АЛМАТЫ, 27 тамыз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин қажет болған жағдайда Беларусь еліне көмектесу үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен резерв құрғанын айтты.

"Александр Григорьевич (Лукашенко – Sputnik) құқық қорғау органдары қызметкерлерінен белгілі бір резерв құруымды өтінді. Мен өтінішін орындадым. Алайда, біз оны жағдай бақылаудан шыққанға дейін қолданбауға келістік", – деді Путин сұхбат барысында.

Путиннің айтуынша, Ресей әскері Беларусь еліндегі экстремистік әрекет шекарадан шығып, қарақшылыққа ұласқан жағдайда ғана қолданылады.

"Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің резерві жағдай бақылаудан шығып, экстремистік әрекет болған кезде ғана қолданылады. Саяси ұранды жамылған экстремистік әрекеттер шектен шығып, ұрлық пен тонау өршіп, көліктер мен банктер өртеліп, әкімшілік ғимараттарды басып алу фактілері болмаса пайдаланылмайды", – деп жазды Путиннің сөзін РИА Новости.

Ресей Беларусьтегі жағдай бейбіт жолмен шешілетініне сүйеніп отыр, деп толықтырды Путин.

Сондай-ақ, ол Беларусь елінің құқық қорғау органдары ұстамдылық көрсетіп отырғанын атап өтті.

"Жағдайға объективті түрде қарайтын болсақ, менің ойымша, Беларусьтің құқық қорғау органдары ештеңеге қарамастан ұстамды болып отыр", – деді Путин.

Сонымен қатар ол Беларусь елінің Ресей үшін өте жақын екенін атап өтті.

"Біз шын мәнінде ол жақта не болып жатқанына немқұрайлылық таныта алмаймыз. Ол бізге ең жақын ел. Этникалық жағынан да ең жақын, тіл жағынан да, мәдени, рухани жағынан да жақын. Бізде ондаған, жүздеген мың, миллиондаған тікелей туыстық байланыс бар. Өнеркәсіпте де тікелей ынтымақтастық қатынастамыз", – деді Путин.

Оқи отырыңыз: Беларусь президенті Қазақстан премьерінен кешірім сұрады

Айта кетейік, Беларусь елінде 9 тамызда президент сайлауынан кейін оппозицияның наразылық акциялары басталды. Орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметі бойынша, Александр Лукашенко алтыншы рет сайлауда жеңіске жетті. Ол 80,1% дауыс жинады. Ал оппозиция өкілдері сайлауда Светлана Тихановская жеңді деп санайды.

Жаңалықтар
0