Әлем

Аукционда алты айлық тоқты 200 миллион теңгеге сатылды 

© Photo : служба коммуникаций Атырауской областиОвца
Овца - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2009 жылы тексель тұқымдас сегіз айлық тоқты 128 миллион теңгеге сатылған болатын. Ал бес жылдан кейін тағы бір қойды 84,5 миллион теңгеге алды

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Шотландияда өткен аукционда қойдың тексель тұқымына жататын бір марқаны рекордтық бағаға сатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Бейсенбі күні Ланарк елдімекенінде тексель тұқымдас қойларды жаппай сату шарасы өткен болатын. Сол жерде Double Diamond ("Қос гауһар") атты алты айлық марқа да шығарылған. Аукционда барлығы 19 марқа сатылды. 

Жалпы, Ұлыбританияда осы санаттағы қойлардың орташа бағасы - 100 фунт (55 390 теңге). Алайда мал өсіру үшін қолданылатын тексельдер қымбат тұрады. 

Кешегі аукционда "Қос гауһардың" бастапқы бағасы 10 500 фунт (5,8 миллион теңге) болған. Алайда қызу сауда-саттықтың нәтижесінде оның бағасы бірден 300 000 фунттан асып түсті. Сөйтіп, ең соңында 365 000 фунтқа (202 миллион теңге) сатылды. Екінші орында – "Гексель Джанго". Оның соңғы бағасы – 68 000 фунт (37,6 миллион теңге). 

Айта кеткен жөн, 2009 жылы тексель тұқымдас сегіз айлық тоқты 231 000 фунтқа (128 миллион теңге) сатылған болатын. Ал бес жылдан кейін тағы бір қой 152 000 фунтқа (84,5 миллион теңге) өтіп кетті.

Жаңалықтар
0