Әлем

АҚШ өз сүңгуір қайықтарын Ресей жағалауына жақындатты

© Photo : Press service of the Ministry of Defence of the Russian FederationАтомная подводная лодка Северного флота «Северодвинск»
Атомная подводная лодка Северного флота «Северодвинск» - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америка әскерилері USS Seawolf құпия сүңгуір қайықтары Норвегияға келгенін жұртшылыққа естірте жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Пентагон ресейлік атом сүңгуір қайықтарының бағдарын біліп отыру мақсатында Ресейдің солтүстік шекараларына USS Seawolf құпия сүңгуір қайықтарын жіберді. Әскери сарапшылар бұл Мәскеуге ескерту екеніне сенімді.   

"Теңіз тарланының" парады

Америкалықтар USS Seawolf Норвегияға келгенін жұртшылыққа естірте жариялады. Пентагонның ең құпия субмариналарының бірінің фотосуреттері ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланды. Ал АҚШ суасты күштерінің қолбасшысы вице-адмирал Дерил Кодл Seawolf-тың орын ауыстыруы америкалық сүңгуір қайықтардың іс-әрекеті әлемдік сипат алғанын және Әлем мұхитының кез келген аймағында міндетін орындауға қабілетті екенін көрсететінін мәлім етті.

Арктика - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ресей мен АҚШ Арктикаға таласып жатыр ма?  
Сүңгуір қайықтар тобына қолбасшылық жасайтын Энтони Каруллоның айтуынша, USS Seawolf-тің Норвегияға орын ауыстыруы АҚШ-тың су асты соғысын жүргізудегі онсыз да кең мүмкіндіктерін арттырып, Солтүстікте теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Вашингтон шешімін растап отыр, деп жазды РИА Новости.

Қазіргі уақытта АҚШ Әскери-теңіз күштерінде Seawolf тобының үш сүңгуірі бар. Олар сонау 1980 жылдары жаудың толық бақылауындағы аудандарда операциялар жүргізуге арналып құрастырылған. Бұл өте тыныш сүңгуір қайықтар, олардың жасырыну деңгейі жоғары. Сонымен бірге, олар бортында кемеге қарсы қуатты қару-жарақ – торпедалар, миналар, "Гарпун" немесе "Томагавк" зымырандарын алып жүре алады.

Суатар қозғағыштар жүз метрлік сүңгуір субмариналарды 35 торапқа дейін жүйткіте алады, ал 20-ға дейінгі тораптық жылдамдықта олардан дыбыс шықпайды. АҚШ әскери-теңіз күштері 30-ға жуық осындай қайық алады деп жоспарланған болатын. Алайда, әзірше тек үшеуімен шектелді: қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейін күрделі және қымбат бұл кемелер америкалық флотқа қажет болмай қалды.

Пентагон Seawolf сүңгуірі АҚШ Екінші флотының қарамағына Бангор солтүстік-теңіз базасынан келгенін мәлімдеді. АСҚ әзірше ресейлік суасты зымыран тасымалдағыштардың бағдарына жақын норвегиялық Тромседе қалады.

"Тромсе ешқашан атом сүңгуір қайықтарының тұрақты мекені ретінде қолданылмаған. Мұнда сапараралық жөндеу жүргізіліп, экипаж демала алады. Одан кейін "Сивульф" Ресейдің солтүстік флотындағы жауапкершілік аймағына – Баренц теңізінен аттанады", - дейді Санкт-Петербург ӘТФ теңізшілер мен суасты қайығында жүзушілер клубының төрағасы, І рангтегі капитан Игорь Курдин.

Берекесі қалмаған бедел  

"АҚШ арктикалық "театр" ресейлік әскери-теңіз күштерімен ғана бақыланбайтынын көрсеткісі келіп отыр, - дейді Ресей Солтүстік флотының бұрынғы қолбасшысы Вячеслав Попов. – Вашингтон өңірдегі әскери орнын анықтап алғысы келіп отыр. Америкалықтар мұндай барлау жүргізген, жүргізуде және жүргізе бермек. Әрине, ресейлік теңізшілер олардың әрбір әрекетін бақылап отыр".   

 АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Ресейге қоқан-лоқы жасады - Sputnik Қазақстан
Видео
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Ресейге қоқан-лоқы жасады
"Теңіз тарланы" келгеннен кейін ядролық қару тасымалдауға қабілетті B-52 Stratofortress алты стратегиялық бомбалаушы Норвегия ӘӘК жойғыштарымен бірге оқу-жаттығуларға қатысты.

Оның үстіне, Boeing B-17 Flying Fortress ұшақтары эскадрильясы Еуропа мен Солтүстік Америкадағы НАТО-ның 30 елінің әуе кеңістігін бірден кесіп өткен. АҚШ-тың Еуропалық қолбасшылығы өз мәлімдемесінде мұндай ұшулар бомбалаушылардың жедел тобының тұрақты миссиялары аясында айрықша екенін мәлімдеді.

Ұшақтар екі командаға бөлінді. Бірінші топ бағдары Еуропаның үстінде ұшса, қалғандары АҚШ пен Канаданың төбесінде ұшқан болатын. Әуе кемелері НАТО елдерінің жойғыштарымен ықпалдасып әрекет етіп, жанармайды аспанда толтырып алғаны белгілі. Сарапшылар мұндай ауқымды авиация оқу-жаттығуларын да Ресейге қарай бағытталған ескерту деп қабылдауға болатынын айтуда.

Жауапты реакция

Мәскеу де шетте қалып отырған жоқ. Сондықтан, ол да өз әріптестеріне ескерту жасап отыр. Осылайша, өткен аптада батыс БАҚ-тарында Аляскаға жақын маңдағы бейтарап суларда ресейлік атом сүңгуір қайығының жүзуі қызу талқыланды. Америкалықтар апат орын алды ма деген оймен бірден көмек ұсынды.

АҚШ Сириядағы жағдайға Ресей мен Иранды айыптады - Sputnik Қазақстан
Видео
АҚШ Сириядағы жағдайға Ресей мен Иранды айыптады
Бірақ, Ресей қорғаныс министрлігі барлығын сабырға шақырды: "Омск" атомдық крейсері "Мұхит қорғанышы – 2020" кең ауқымды оқу-жаттығуының аясында су түбінен жоғары көтерілген. Анықталғандай, Тынық мұхиты флотының кемелері Беринг теңізінің акваториясында зымырандық оқ атулар орындаған. Соның ішінде, жақында ғана модернизациядан өткен "Омск" АСҚ шартты нысанаға "Гранит" кемеге қарсы кешенімен 300 километр қашықтықта оқ атып, жауап қайтарған. Ал, "Варяг" крейсері "Вулкан" зымыранымен 450 километр қашықтықта нысанның көзін жойған.

Қорғаныс министрлігі бейнеролик жариялады: "Омск" экипажы оқ атуға дайындалып жатыр, атом сүңгуір қайығы шұғыл түрде суға сүңгуде, кері санақ естіліп, зымыранды ұшыру туралы бұйрық естілді.

"Біздің әскерилер ресейлік әуе шекаралары маңында НАТО ұшақтарын үнемі тосқауыл жасайды. Бұл қалыпты жағдай. Байқасаңыздар, соңғы кездері олар Балтық, Қара теңіз үстінде жиі кездесуде. Біз де құр жатпайтынымызды көрсетіп жатырмыз", - дейді Ресей ӘӘК БАС бас штабының бұрынғы басшысы Виктор Кравченко.

"Мұхит қорғанышы" оқу-жаттығулары Балтық теңізінен Тынық мұхитқа дейінгі акваторияда өтуде. Оған ондаған кеме, суасты қайықтары, теңіз авиациясы мен жағалау әскері қатысып жатыр. Күні кеше Тынық мұхиты флотында кезекті оқу-жаттығулар кезеңі басталып, 50-ден астам кеме және 40-қа жуық ұшақ пен тікұшақ ондаған оқу-жаттығу тапсырмаларын орындап жатыр.

 

Жаңалықтар
0