Әлем

Үйлену тойының фотосессиясы кезінде бірнеше адам көз жұмды: арасында қалыңдық та бар

© Photo : СС0 / Free-PhotosНевеста
Невеста - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2 қыркүйекте күйеу жігіт пен қалыңдықты теңіз жағасындағы жартастарда суретке түсіп жатқанда су шайып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Қытайдың шығысындағы Вэньчжоу қаласында үйлену тойының фотосессиясы кезінде бірнеше адам көз жұмды. Оқиғаның видеосы Newsflare сайтында жарияланды.   

Қолдағы мәлімет бойынша, 2 қыркүйекте күйеу жігіт пен қалыңдықты теңіз жағасындағы жартастарда суретке түсіп жатқанда су ағызып әкеткен. Толқын фотограф пен визажисті де тартып алды.

Қыз бен визажистің мәйіті табылды, ал фотограф із-түзсіз жоғалып кеткендер тізіміне енгізілді. Агенттік күйеу жігіттің тағдыры не болғанын жазбады.

Базардан келе жатқан: Қалыңдық той қарсаңында жол апатынан көз жұмды

Жаңалықтар
0