19:37 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (639)
104 0 0

Тедрос Адханом Гебрейесустың айтуынша, мектептерді жабу туралы шешім уақытша және инфекцияның таралу қарқыны бар жерлерде ғана жабылуы тиіс

АЛМАТЫ, 16 қыркүйек – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус пандемиясы кезінде мектеп оқушыларының білім алу процесі туралы айтты.

Оның айтуынша, вирус ересек адамдардың денсаулығына айтарлықтай әсер еткеніне қарамастан, планетаның балалары да біршама зардап шекті.

"Көптеген елде негізгі тамақтану және иммундау қызметі бұзылып, миллиондаған бала бірнеше ай бойы мектепке бара алмады. Барлығымыз балалардың қайтадан мектепке барғанын және мектепте білім алуы үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта болғанын қалаймыз. COVID-19 инфекциясының таралуын азайту үшін қабылданған шаралар мектептерде инфекция жұқтыру қауіпін азайтады", - деді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Женевада өткен брифингте.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы кейбір елде мектептердің ашылғанын, ал кей елдерде уақытша жабық тұрғанын атап өтті. Ол COVID-19 жағдайында ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ елдерін қолдау үшін мектептерге қатысты денсаулық сақтау шаралары туралы жаңартылған нұсқаулық жариялағанын хабарлады.

Мектепті инфекция таратпайтын жағдайда пайдаланған жөн

Нұсқаулықта коронавирус инфекциясының қоғамда таралуы бәсеңдеген аудандарда орналасқан мектептерге арналған кеңестер бар.

"Инфекцияның балалар мен жастар, жалпы қоғам үшін ауыр зардап тигізетінін ескере отырып, мектептерді жабу туралы шешім уақытша және тек инфекцияның таралу қарқыны бар жерлерде қабылдануы керек. Мектептер жабық болған кезде қашықтан оқыту арқылы өз деңгейінде білім берілу қажет. Жалпы, мектептерді инфекцияның таралуын болдырмайтындай жағдайда пайдаланған жөн", - деп толықтырды Гебрейесус.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы COVID-19 инфекциясынан кейін қандай аурудың пайда болуы мүмкін екені әлі анықталмағанын мәлімдеді. Сол себепті COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар арасында ауыр халдегі науқастар мен балалар мен жасөспірімдер арасындағы өлім қауіпін арттыратын факторларға қатысты көбірек зерттеу жүргізу қажет.

Оқи отырыңыз: ДДҰ ұсынысы: балаларға қай жасқа дейін маска тақпауға болады

Гебрейесус 20 жасқа дейінгі адамдар жалпы науқастардың 10%-ін құрайтынын айтты, ал қайтыс болатындардың 0,2%-і – жиырмаға дейінгі адамдар.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (639)

Тақырып бойынша

Арзан әрі тиімді: ДДҰ короновирусты емдеудегі ғылыми серпіліс жайлы хабарлады
Коронавирус пандемиясы қашан аяқталады – ДДҰ басшысы болжам жасады
ДДҰ коронавирус туралы: бұл соңғы пандемия емес
Коронавирусты қайта жұқтырып жатыр: ДДҰ түсініктеме берді
ДДҰ коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеулер тізіміне қосты
Кілт сөздер:
коронавирус, ДДҰ, білім беру
Загрузка...

Басты тақырып