Әлем

Сирек кездесетін сиам егіздер: Мьянмада екі басты бала дүниеге келді

© Photo : PexelsНоворожденный
Новорожденный - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінгі таңда әлемде дицефал-егіздердің бес жұбы ғана белгілі, олардың қатарында Мьянмада туылған балалар да бар

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Мьянманың астанасы Нейпьидо қаласындағы ауруханада сиам егіздер дүниеге келді. Нәрестенің бір денесінде екі басы бар, деп хабарлайды елдің ақпарат және қоғаммен байланыс министрлігі.

Ведомство сайтында жарияланған фотосуретте жаңа туған нәрестенің кеудесі мен иықтары кең екені айқын көрінеді. Әдеттегідей, бұл сирек кездесетін сиам егіздерінде болатын екі басты нәресте – дицефал-егіздер деп жазады РИА Новости.  

Босанған әйелдің жасы 29-да, ал нәресте жайлы басқа мәліметтер айтылмайды.

Жалпы адамзат тарихында екі басты сиам егіздері – бұл өте сирек кездесетін жағдай. Бүгінгі таңда әлемде дицефал-егіздердің бес жұбы ғана белгілі, олардың арасында Мьянмада туылған балалар да бар.

Айта кетейік, бірнеше ай бұрын ғана Өзбекстанда сиам егіздер дүниеге келген.

Жергілікті дәрігерлер шарананың мұндай күйде екендігін жүктіліктің 21-ші аптасында анықтаған. Ерлі-зайыптылар ойлана шаранан алдырудан бас тартқан. Туылған қыздың денесінде бір қол мен аяқ, бір жүрек, екі өкпе, бір асқазан және бір жатыры бар.

Дицефалиялық егіздердің әлемдегі ең әйгілі жұбы – 30 жасар америкалық әйелдер – Абигайль мен Бриттани Хэнселдер. Бір денеде екі баспен туылған оларда екі жүрек пен екі жұп өкпе, сондай-ақ үш бүйрек, бір бауыры бар. Екі қолды екі бастың әрбірі жеке-жеке басқарады және екі аяғы бар.

Оқи отырыңыздар: Алматыдағы егіздер өлімі: анасы біреуін тірі қалдыруды сұраған

Қазіргі кезде қыздар қалыпты өмір сүреді және екеуі де жоғары оқу орнын бітіріп, диплом алған. Орта мектепте мұғалім болып жұмыс істейді.

Эмбриональды даму кезеңінде дене мүшелері толығымен бөлінбеген немесе ішкі мүшелері бірігіп қалыптасқан егіздерді – сиам егіздері деп атайды. Егіздердің Y әрпі пішінінде омыртқа арқылы біріккен түрі жиі кездеседі.

Жаңалықтар
0