Әлем

Украинада әскери ұшақ құлап, 25 адам көз жұмды

© Sputnik / Сергей Одинцов / Медиабанкке өтуКрушение самолета Ан-26 под Харьковом
Крушение самолета Ан-26 под Харьковом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жиырма бес адам әуе апатынан қаза тапты, бортта болған тағы екі әскери қызметкер ауыр жарақат алды, оларды күйік шалған

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Украинаның солтүстік-шығысындағы Харьков облысында Ан-26 әскери ұшағының апатқа ұшырауынан кем дегенде 25 адам көз жұмды, деп хабарлады РИА Новости.

Бортта 28 адам – әскери ұшқыштар мен курсанттар болған.

Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің хабарлауынша, оқиға кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 20:50 шамасында Чугуев қаласының маңында, әскери әуежайдан екі шақырым жерде болған.

© Sputnik / Сергей Одинцов / Медиабанкке өтуХарьков маңында Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады
Украинада әскери ұшақ құлап, 25 адам көз жұмды - Sputnik Қазақстан
Харьков маңында Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады

"Ұшақ жерге құлап түскеннен кейін өртеніп кетті. Алдын ала мәлімет бойынша Ан-26 бортында 28 адам – әскери ұшқыштар мен И.Кожедуб атындағы Харьков әуе күштері ұлттық университетінің курсанттары болған. Ұшақ апатынан 25 адам қаза болды. Екеуін күйік шалды", - деді елдің төтенше жағдайлар мемлекеттік қызметі.

Орал маңында қолдан жасалған ұшақ құлады – ұшқыш қаза тапты

Ан-26 апатының мән-жайы мен себебін тексеру үшін мемлекеттік комиссия құрылды.

"Сенбі күні Украина мемлекетінің басшысы Владимир Зеленский Харьков облысына келеді", - деп хабарлады президент кеңсесі.

Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан аз уақыт бұрын ұшақтың бір қозғалтқышы істен шыққан.

Жаңалықтар
0