Әлем

Huawei ресейлік ғалымдардың жобаларына инвестиция құюға дайын – Дэниел Чжоу

© Photo : предоставлено пресс-службой HuaweiHuawei компаниясы ресейлік ғалымдардың жобаларына қызығушылық танытады – Дэниел Чжоу
Huawei компаниясы ресейлік ғалымдардың жобаларына қызығушылық танытады – Дэниел Чжоу - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2021
Жазылу
Чжоу Huawei Ресейдегі цифрлық трансформацияға үлкен үлес қосуды көздеп отырғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Қытайдың жоғары технологиялық Huawei концерні ресейлік ғалымдардың зерттеулеріне инвестиция құюға дайын, деп мәлімдеді журналистерге Huawei компаниясының Еуразия өңіріндегі президенті Дэниел Чжоу.

Ол 26-27 қазан аралығында онлайн-режимде өтетін "Цифрлық қауымдастық 2021" Huawei конференциясының ашылуы қарсаңында өткен дөңгелек үстел аясында сөз сөйледі. Huawei Digital Community Conference (HDCC) – бизнесмендер, сарапшылар, саясаткерлер цифрландырудың негізгі трендтерін талқылайтын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ірі салалық конференция.

Болашақтағы цифрлық трендтер

Чжоудың айтуынша, қазіргі уақытта компания инвестициялайтын, соның ішінде, сол трендтерді әзірлеуге арналған жаңа бөлімшелерді ашатын екі бағыт бар.

© Photo : предоставлено пресс-службой HuaweiHuawei компаниясы ресейлік ғалымдардың жобаларына қызығушылық танытты
Huawei ресейлік ғалымдардың жобаларына инвестиция құюға дайын – Дэниел Чжоу - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2021
Huawei компаниясы ресейлік ғалымдардың жобаларына қызығушылық танытты

"Ең бірінші кезекте, бұл цифрлық энергетика. Қазір бүкіл әлемде көміртек бейтараптылығы кеңінен талқыланып жатыр. Сондықтан біз цифрлық энергетикамен айналысатын бөлімше құрдық", - деді ол.

Инвестицияның екінші бағыты – энергия тиімділігімен байланысты әзірлемелер.

"Біз өз инновацияларымыз арқылы базалық станциялардың, деректерді өңдеу орталықтарының энергия тиімділігін арттырғымыз келеді. Сондай-ақ тиімділікті 86%-тен 89%-ке дейін арттыру үшін біз M-Power деп аталатын көліктерге арналған электр тартқыш жүйесін әзірлеп жатырмыз. Осылайша, бір қуаттау арқылы бағдар ұзақтығы 4,5%-ке артады", - деген Чжоу осы әзірлемелердің барлығын HDCC конференциясы аясында өтетін виртуалды көрмеден көруге болатынын айтты.

Сондай-ақ кейбір технологиялар көпшілік пен сарапшылық қауымдастық назарына алғаш рет ұсынылады.

Бизнес пен биліктегі цифрлық технологияға сұраныс

"Ресей төртінші технологиялық революцияға қарай белсенді түрде жылжуда және бұлтты платформалар, жасанды интеллект, блокчейн, заттар интернеті және ауқымды деректер сияқты технологияларда өзін жақсы қырынан танытып келеді. Huawei ресейлік кәсіпорындармен де, үкіметпен де жұмыс істейтін болады. Біз жеке секторда да, мемлекеттік секторда да цифрлық трансформацияға сұраныс өте жоғары екенін көріп отырмыз", - деді Чжоу.

Компанияның Еуразия аймағындағы президентінің айтуынша, Huawei-дің көптеген ресейлік серіктесі цифрландыру саласында айтарлықтай табысқа қол жеткізген.

"Мысал ретінде серіктесіміз – "Сберді" айта аламын. Олар басқа әлемдік қаржы институттарымен салыстырғанда өте жақсы нәтиже көрсетуде. Сондай-ақ қосымшаларды әзірлеу және интеграциялау саласындағы құзыреттерінің арқасында әлемдегі ең жақсы нәтижелердің бірін көрсетіп отырған Федералдық салық қызметін де атауға болады", - деді Чжоу.

Чжоудың айтуынша, Huawei Ресейдегі цифрлық трансформацияға үлкен үлес қосуды көздеп отыр.

Оқи отырыңыз: Huawei конференциясында цифрлық трендтер талқыланады

"Ресейлік серіктестермен бірге біз бірыңғай цифрлық болашақ қоғамдастығын құрғымыз келеді. Huawei – түрлі саланы цифрландыруды қамтамасыз етуге арналған цифрлық өнімдер мен қызметтерді жеткізуші", - деді ол.

Ол қызықты бағдарламалық жасақтау әзірлемелерінің авторлары Huawei компаниясымен бірге халықаралық нарыққа шыға алатынын жеткізді.

Дарындылар үйде қалады

Чжоудың айтуынша, компания міндеттерінің бірі – Ресейде сымсыз 5G желілерін дамыту.

"Әлемде бесінші стандартқа жататын 176 желі жұмыс істейді, абоненттер саны 500 миллионнан асты. Ал абоненттер он есеге дейін арттырылған жылдамдыққа қол жеткізгенін көріп отырмыз. Қазір әлемде 5G2B саласында 10 мыңнан астам жоба бар. Олар ресейлік нарық үшін қызықты болуы мүмкін. Сонымен қатар Қытайда 5G2B саласында адам жұмыс істеу қауіпті болатын тау-кен өнеркәсібінде, порт шаруашылығы және өндірісте қызықты жобалар бар", - деп атап өтті ол.

© Photo : предоставлено пресс-службой HuaweiHuawei Ресейдегі цифрлық трансформацияға үлкен үлес қосуды көздеп отыр
Huawei ресейлік ғалымдардың жобаларына инвестиция құюға дайын – Дэниел Чжоу - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2021
Huawei Ресейдегі цифрлық трансформацияға үлкен үлес қосуды көздеп отыр

Чжоудың айтуынша, үкіметтің де, ұялы байланыс операторларының да қажеттіліктерін қанағаттандыратын және бағасы мен тиімділігі сәйкес болатын жабдықты әзірлеу компанияның келесі қадамы болады.

Ол Huawei ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жыл сайын жастар арасында жарыс өткізетінін айтты.

"Соңғы жеті жылда бұл жарыстарға Еуразия аймағынан 60 мыңнан астам адам қатысты. Сондай-ақ бізде Seeds of the future ("Болашақ тұқымы") атты халықаралық жоба бар. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқушылар Қытайға саяхаттап, озық технологияны тамашалауға мүмкіндік алады. Біз Ресейдің 97 оқу орнында Huawei АКТ-академиясын аштық", - деп әңгімеледі Чжоу.

Бұл ретте жас инженерлер Huawei-де ғана емес, компанияның экожүйесін түзетін компанияларда да жұмысқа орналаса алады.

"Жоғары технологияларға қол жеткізу үшін туған жерден кетудің, Еуропаға немесе Америкаға барудың қажеті жоқ. Жас мамандар өз елінде қалып, жоғары технологияларды дамытуға үлес қоса алады", - деді Чжоу.

Жаңалықтар
0