Оқиға

Баскетболшы Нанаевтің өліміне қатысты тағы үш адам ұсталды

© AP Photo / Peter DejongТұтқындау
Тұтқындау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
СҚО ІІД басшысы Берік Біләлов тергеу барысында басқа да күдіктілер ұсталуы мүмкіндігін мәлімдеді.

АСТАНА, 17 қаз — Sputnik.  Петропавлда Игорь Нанаевтің өліміне қатысты тағы да үш күдікті ұсталды деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ІІД басшысы Берік Біләлов дүйсенбі күні брифингте.

Бас прокуратура - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бас прокуратура мен ІІМ Игорь Нанаевтың қазасын тергеуді бақылауға алды

"Сот алды тергеу жұмыстары барысында күдікті –қала орталығының 21 жасар тұрғыны ұсталып, Петропавл қаласының ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс шеңберінде бірнеше тиісті сараптама тағайындалып, 80-нен аса адамнан жауап алынды, ойын-сауық мекемесінің бақылау камерасы түсірген бейне материал зерттелді", — деп мәлімет берді Біләлов.

Петропавл өлтірілген баскетболшы Наневпен қоштасты - Sputnik Қазақстан
Спорт
Петропавл өлтірілген баскетболшы Нанаевпен қоштасты

Ол бастапқы үдерістік шаралар нәтижесінде 3 қазан күні "Парк-Сити" ойын-сауық кешенінің маңында күдікті мен Игорь Нанаевтің төбелескені анықталғанын атап өтті.

"Бұл қылмысқа қатысты 1994, 1995, 1996 жылы туылған тағы да үш күдікті ұсталып, Петропавл қаласының ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды",  - деді ІІД басшысы.

Облыстың бас полиция қызметкерлері тергеу барысында тағы да басқа күдіктілер ұсталуы мүмкін дейді.

Жаңалықтар
0